Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Сіз iPhone сатып алдыңыз“: қазақстандықтарға жаңа схема туралы ескертілді

Бас прокуратура қазақстандықтарға PayPal төлем жүйесі арқылы iPhone сатып алу туралы жаңа интернет-алаяқтық схемасын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Сіз iPhone сатып алдыңыз"
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы мәліметінше, пайдаланушыларға iPhone сатып алынғандығы туралы электрон хаттар келеді. Хабарламада транзакциядан шұғыл түрде бас тарту ұсынылады. Ол үшін қаскөйлер "қолдау көрсету қызметінің" телефон нөмірін көрсетеді.

"Мұндай хаттар өте шынайы көрінеді, өйткені қаскөйлер appleid@id.apple.com мекенжайын пайдаланып, хабарламалардың мазмұнын өзгертіп жібереді", - делінген хабарламада.

Алаяқтар қалай әрекет етеді?Қоңырау шалу кезінде алаяқтар Apple ID бұзылғаны туралы хабарлап, пайдаланушыны аккаунтты шұғыл қорғау қажеттігіне сендіруге тырысады.
Содан кейін олар:

қашықтан қолжеткізу бағдарламаларын орнатуды ұсынады;құпия сөздерді және басқа да құпия деректерді сұратады;аккаунт қауіпсіздігіне қатер төніп тұрғандай шұғыл әрекет ету сезімін тудырады.

Қауіпсіздік бойынша ұсыныстар
Мамандар мұндай хаттардағы сілтемелерге өтпеуге және көрсетілген нөмірлерге қоңырау шалмауға кеңес береді. Сатып алуларды тек Apple және PayPal ресми сервистері арқылы тексеру қажет.
Сондай-ақ белгісіз тұлғалардың өтініші бойынша бөгде бағдарламаларды орнатпаған жөн. Аккаунтты қорғау үшін екі факторлы аутентификацияны қосу ұсынылады.
Күмәнді хабарламалар алған жағдайда пайдаланушыларға сервистердің ресми қолдау қызметіне хабарласу және алаяқтық деректері туралы құқық қорғау органдарына хабарлау ұсынылады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus