Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда байланыс операторларына арналған жаңа ережелер қаралды

Қазақстанда байланыс операторларының жұмыс ережелерін өзгерту ұсынылды: бұл көппәтерлі үйлерге кіруден бастап шетелдік компаниялардың спутниктік интернетін реттеуге дейінгі мәселелерді қамтиды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжілісте бірінші оқылымда "Телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралып жатыр.
Депутат Павел Казанцев көппәтерлі тұрғын үй иелері байланыс операторларына тең қолжетімділікті қамтамасыз етуі тиіс екендігі туралы нормаға назар аударды.
Оның айтуынша, егер мәселе тіркелген желі туралы болса - түсінікті. Алайда тұрғындар мен мүлік иелері бірлестіктерінде үй шатырында орналасатын жабдықтарға қатысты сұрақтар туындап отыр.

"Меншік иелерінің операторларға ортақ мүлікке қол жеткізуге рұқсат беру-бермеуді шешу құқығы сақтала ма? Бұл мәселені бүгінде көптеген мүлік иелері бірлестіктері мен ПИК көтеріп отыр", - деп сұрады Казанцев.

Бұл құқық тұрғындарда сақталады деген жауап берілді.

"Рұқсат беру немесе бермеу туралы шешімді пәтер иелері қабылдайды. Бұл шешімдер пәтер иелерінің құзырында қалады. Шатырға жабдық орнату үшін рұқсат беру мәселесінде меншік иелері көпшілік дауыспен дауыс беруі тиіс", - деп айтылды отырыста.

Түзетулердің тағы бір блогы спутниктік интернетке және геостационарлық емес спутниктік байланыс жүйелері шетелдік операторларының жұмысына қатысты.
Премьер-министрдің орынбасары Жаслан Мәдиев спутниктік интернет оптикалық талшық арқылы ұсынылатын интернетке қосымша байланыс түрі ретінде қарастырылатынын түсіндірді.

"Заң жобасында спутниктік интернетті реттеудің, шетелдік операторлардың спутниктік байланыс қызметтерін көрсетуінің жаңа режимі қарастырылған. Олар біз заңға енгізіп жатқан жаңа нормаларға сәйкес келуі тиіс", - деді Мәдиев.

Оның айтуынша, шетелдік операторлар бірнеше міндетті шартты орындауы тиіс: трафикті қондырудың жерүсті станциясы, қатысу нүктесі болуы, Қазақстанда заңды тұлғаны тіркеу, интернет-трафикті жергілікті операторлардан сатып алу және киберқауіпсіздік, ұлттық қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау талаптарын сақтауы керек.

"Трафик телекоммуникация желілерін басқару орталығы арқылы өтуі тиіс. Олар осы талаптардың барлығын сақтауға міндетті. Әйтпесе, олардың қызметі ел аумағында тоқтатылады", - деді Мәдиев.

Ол халықаралық компаниялардың осы ережелер бойынша жұмыс істеуге келісуі ұзақ келіссөздердің нәтижесі болғанын айтып өтті.

"Халықаралық электр байланыс одағы геостационарлық емес спутниктерді реттеу бойынша бұл нормалар әлемдегі алғашқылардың бірі екенін атап өтті. Біз бұл басқа елдер үшін үлгі болады деп есептейміз", - деді вице-премьер.

Бұған дейін Қазақстанның шетелдік спутниктік операторлардың жұмысына біртіндеп құқықтық база дайындап жатқанын жазған болатынбыз. 2025 жылы азаматтардың Starlink терминалдарын ресми түрде сатып алуға, пайдалануға және тіркеуге мүмкіндік алатыны, ал компания Қазақстанның байланыс және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын сақтауға келіскені хабарланған еді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus