Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

НБА-ның жұлдызды ойыншысы 29 жасында қайтыс болды: ол полициядан жасырынып жүрген

"Мемфис Гризли" форварды Брэндон Кларк 29 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Tengri Sport клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өлімнің ресми себептері әзірге жарияланған жоқ, алайда баскетболшының заң алдында қиындықтары болғаны белгілі.
Кларк – 2019 жылдан бері Ұлттық баскетбол лигасының сапында өнер көрсетіп келген дарынды ойыншы.
Соңғы үш маусымда ол жарақатына байланысты 246 матчтың тек 72-сіне ғана қатысқан.

"Брэндон Кларктың қайғылы қазасына байланысты қабырғамыз қайысып отыр. Брэндон тамаша командалас және керемет адам еді, оның жалпы "Мемфис" ұйымы мен қауымдастығына тигізген әсері ешқашан ұмытылмайды", - делінген клуб мәлімдемесінде.

Ойыншының қаза болу себептері ресми түрде хабарланбады, алайда TMZ басылымы Кларк есірткіні шамадан тыс қолданудан қайтыс болуы мүмкін деп болжайды.

"Ойыншының өлімі есірткіні шамадан тыс қолдану нұсқасы бойынша тергеліп жатыр. Ресми өкілдер ол тұрған үйден есірткі тұтынуға арналған заттарды тапты. Лос-Анджелес өрт сөндіру қызметі дүйсенбі күні сағат 17:00 шамасында жедел медициналық жәрдем шақыруына барған... парамедиктер оқиға орнына жеткенде Кларктың қайтыс болғаны анықталды", - деп хабарлайды БАҚ.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Blogaccess1on1 | Sports Podcast (@blogaccess1on1) жарияланымы


Кларктың заңмен қиындықтары болған - БАҚ
Баскетболшының өлімі туралы хабардан кейін БАҚ өкілдері осыдан бір ай бұрын Кларктың тасжолда полициядан қашпақ болғанын еске алды. Нәтижесінде ол жылдамдықты асырғаны үшін ұсталып, оған есірткі заттарын сақтау және тасымалдауға қатысты айыптар тағылған болатын.
Баскетболшыға қатысты іс әлі жабылған жоқ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus