Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ресейде 2015 жылы жасалған кісі өлтіру қылмысын Абай облысының тергеушісі ашты

Абай облысы полиция департаменті тергеу басқармасының тергеушісі Ажар Сартова 2015 жылы Ресейде жасалған атышулы адам өлтіру және қарақшылық шабуыл дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Оқиғаның мән-жайын департаменттің баспасөз қызметі бөлісті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қылмысты төрт адамнан тұратын топ жасаған. Олар қымбат көлікті сатып алу сылтауымен оның иесімен кездесу ұйымдастырған.

"Қаскөйлер ер адамға шабуыл жасап, оған көптеген пышақ жарақатын салған, кейін қылмыс іздерін жасыру және қылмыстық ойларын соңына дейін жеткізу мақсатында жәбірленушіні автокөлікпен қағып кеткен. Алған жарақаттары салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған. Қылмыс жасағаннан кейін күдіктілер автокөлікті иемденіп, оқиға орнынан бой тасалаған", - деп хабарлады полиция.

Қылмыс жасалғаннан бері көп уақыт өтсе де, қылмыстық топтың барлық мүшесін анықтау жұмыстары тоқтамаған. Тергеу Ресей құқық қорғау органдарымен тығыз іс-қимыл арқылы жүргізілді.

"Тергеуші Ажар Сартова ауқымды әрі мұқият тергеу жұмыстарын жүргізді. Куәлар мен қылмысқа қатысы бар тұлғалардан жауап алынған, қылмысқа қатысушылар арасындағы хат алмасулар зерделенген, бейнебақылау камераларының жазбалары тексерілген, көптеген халықаралық және ведомствоаралық сұрау салулар жолданған, қосымша дәлелдемелер жиналып, қылмыстың толық көрінісі қалпына келтірілген. Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарынан жасырынған соңғы күдіктінің жүрген жері анықталды. Оған халықаралық іздеу жарияланып, 2024 жылы Алматыда полиция қызметкерлері ұстады", - деп хабарлады департамент.

Бұған дейін қылмысқа қатысқан үш адам сотталған: біреуі Ресейдің Барнаул қалалық сотымен, қалған екеуі Шығыс Қазақстан облыстық сотымен. Соңғы фигурантқа қатысты қылмыстық іс аяқталып, Абай облыстық сотына жолданды. Сот оны адам өлтіру және қарақшылық шабуыл жасау бойынша кінәлі деп танып, 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Еске сала кетейік, былтыр Астанада ДНҚ іздері бойынша 2016 жылы жасалған аса ауыр қылмыс ашылды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus