Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан мен әлемдегі сиыр етінің бағасы салыстырылды - рейтинг жарияланды

Қазақстан сиыр еті бағасы ең қолжетімді елдер тізіміне енді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Numbeo рейтингіне сілтеме жасап.

5 мамырда жаңартылған рейтингке 101 ел қатысты. Қазақстан бір келі сиыр еті үшін 8,72 доллар (4 050 теңге) көрсеткішімен 82-орынға ие болды. Сонымен қатар Қазақстандағы ет бағасы посткеңестік кеңістіктегі басқа елдердің көбіне қарағанда, мәселен Ресейге (10,93 доллар), Өзбекстанға (10,86 доллар) және Беларуське (9,25 доллар) қарағанда арзан болып шықты.

Numbeo рейтингінің скриншоты

Сервис мәліметтері бойынша, ең қымбат сиыр еті Швейцарияда (45,58 доллар), Норвегияда (32,89 доллар) және Люксембургте (27,65 доллар) сатылады. Жалпы алғанда, дамыған елдердің көбінде ет Қазақстанға қарағанда 3-4 есе қымбат. Рейтингтің алғашқы 15 сатысында сиыр еті 20 доллардан асатын елдер орналасқан. Олардың қатарында бірқатар Еуропа елі (Германия, Швеция, Франция, Финляндия, Австрия, Италия, Бельгия және басқалары), сондай-ақ Израиль, Оңтүстік Корея және Сингапур бар.

Рейтингке сәйкес, сиыр еті Пәкістан (4,68 доллар), Нигерия (4,73 доллар) және Кения (5,23 доллар) тұрғындары үшін ең арзанға түседі.

Анықтама: Numbeo - әлемнің түрлі қаласы мен елдеріндегі өмір сүру құны туралы мәліметтерді жинап, жариялайтын пайдаланушылар жасаған деректер базасы. Сервис негізінен пайдаланушылардың өздерінен алынған мәліметтерді, сондай-ақ ішінара ресми статистиканы пайдаланады. Сондықтан рейтингтердегі көрсеткіштер жағдай туралы жалпы түсінік береді, бірақ әрдайым мінсіз дәл бола бермейді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus