Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Щучинскідегі жарылыс: дәмхана иесін қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Щучинск қаласында 12 адамның өмірін қиған жарылыс болған "Loft палау орталығының" иесіне қатысты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Ақмола облыстық прокуратурасы хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz тілшісі.
Қамауға алынды
Дәмхана иесі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты тұлға ретінде күдікті деп танылды. Наурыз айының басында ол екі ай мерзімге қамауға алынған болатын. Енді оның қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылғаны белгілі болды.
Сәуір айының соңында сондай-ақ тағы екі адамның ұсталғаны хабарланды. Олар - автокөлік газ құю станциясының директоры мен газ баллондарын жеткізуші. Олар баллондарды толтыру және жеткізу қызметтерін көрсету кезінде заңнама талаптарын бұзды деген күдікке ілінді.
Олардың іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 306-бабының 3-бөлігі ("Тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін қызметтерді көрсету, абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына зиян келтіруге және адам өліміне әкеп соғу") бойынша сараланды. Бұл 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады, деп хабарлады бұған дейін қадағалау органы. Сот санкциясымен күдіктілердің бірі қамауға алынса, екіншісі үй қамағына алынған.
Оқиға фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бап санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Зардап шеккендердің жағдайы
Сонымен қатар, зардап шеккендердің көпшілігі ауруханадан шығарылды. Екі адам дене күйігімен әлі де емделіп жатыр.

"Олар Көкшетау қаласындағы көпбейінді облыстық ауруханада жатыр. Жағдайлары тұрақты деп бағаланды", - деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.

Еске сала кетейік, 18 сәуірде оқиғадан кейін бір жарым айдан астам уақыт өткенде, жансақтау бөлімінде комадан шықпай тағы бір зардап шегуші қайтыс болды. Осылайша, қаза тапқандардың жалпы саны 12 адамға жетті.
Дәмханадағы жарылыс
Щучинскідегі "Палау орталығы" дәмханасындағы қайғылы оқиға 2026 жылғы 26 ақпанда кешкі уақытта болды. Өрттен кейін бірден жеті адамның қаза тапқаны хабарланды: бес адам оқиға орнында мерт болса, тағы екеуі жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Қайғылы жағдайдан кейін Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов БАҚ өкілдеріне оқиға салдарынан 28 адам зардап шеккенін, жеті адам қаза тапқанын, олардың арасында кәмелетке толмаған бір бала бар екенін айтты.

Әкім сол кезде қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетілетінін хабарлаған болатын. Журналистермен кездесуде Садықов әкімдік жерлеу рәсімдерін ұйымдастырып, қаралы жиынға келген туыстарын орналастыру мен сүйемелдеуді қамтамасыз еткенін мәлімдеді.
Кейін қаза тапқандар саны артып, 3 наурызда 9 адамға, 11 наурызда – он бір адамға жетті.

Қандай өтемақы төленді?
Еске сала кетейік, қайғылы оқиғадан кейін Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов қаза тапқандардың отбасыларына екі миллион теңге көлемінде, ал зардап шеккендерге бір миллион теңгеден біржолғы материалдық көмек төленетінін айтқан еді.
Әкімдік мәліметінше, қазіргі уақытта төлемдер толықтай жүргізілді. Қаражат үш көзден бөлінген:

әкімдіктен жалпы сомасы 30 миллион 200 мың теңге;
"Палау орталығынан" жалпы сомасы 43 миллион 777 мың теңге;
бизнес өкілдерінен жалпы сомасы 10 миллион 219 мың теңге.

Төлемдердің жалпы сомасы 84 миллион 113 мың теңге болды.

"Бурабай ауданының әкімдігі мен қайғылы оқиға болған дәмхана иесі тарапынан қаза тапқандардың отбасыларына бірден 2 миллион теңгеден төленді. Сонымен қатар жерлеуге қатысты барлық шығын, соның ішінде қаза тапқандардың бірін тасымалдау шығыны өтелді", - деп нақтылады Бурабай ауданының әкімдігі.

Сондай-ақ, онда зардап шеккендерге өтемақы алған жарақаттарының ауырлығы мен қажеттіліктеріне қарай төленгені атап өтілді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus