Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандағы ауқымды амнистия: ІІМ алғашқы мәліметтерді жариялады

Қазақстанда алдағы қылмыстық және әкімшілік амнистияның параметрлері пысықталып жатыр. Мән-жайды Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кімдер жазадан босатылуы мүмкін?
Министр орынбасарының айтуынша, қазіргі уақытта алдағы амнистияға қатысты алдын ала тәсілдер әзірленді.

"Амнистия бойынша жұмыс жүріп жатыр. Бүгінде бізде тәсілдер қалыптасты. Жұмыс тобының нәтижелері бар, бірақ әзірге тек жалпы параметрлер белгіленді", - деді Әділов бүгін Мәжіліс кулуарында.

Ол амнистия бірінші кезекте жеңіл қылмыс жасаған және тергеу амалдары жүріп жатқан адамдарға қатысты болуы мүмкін екенін нақтылады.

"Жеңіл қылмыстар, қылмыстық теріс қылықтар, сондай-ақ залал келтірілмеген орташа ауырлықтағы қылмыстарды жасағандарды қылмыстық жауапкершіліктен босату көзделіп отыр", - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ амнистия сотталғандардың бір бөлігіне де қатысты болады.

"Бас бостандығынан айыру орындарынан теріс қылықтар, залал келтірілмеген жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін сотталғандар босатылуы мүмкін", - деді министр орынбасары.

Амнистия кімдерге қолданылмайды?
Сонымен қатар бірқатар құқықбұзушыларға амнистия жүрмейді.

"Амнистия экстремистік және террористік қылмыс жасағандарға, сырттай сотталғандарға, азаптағандарға, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасағандарға, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды", - деді Санжар Әділов.

Жаза мерзімін қысқартуҚылмыстың неғұрлым ауыр құрамдары үшін жаза мерзімін қысқарту сияқты өзге де шаралар талқыланып жатыр.

"Аталғандардан басқа ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша жаза мерзімін бестен бір немесе төрттен бірге қысқарту мәселесі қарастырылып жатыр", - деді министр орынбасары.

Әділовтің айтуынша, бастама пысықтау сатысында.

"Амнистия депутаттық бастама ретінде іске алынды, сондықтан алдағы уақытта түсініктемені депутаттар береді", - деді ол.

Әкімшілік амнистия
Сонымен қатар Қазақстанда әкімшілік амнистия бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Ведомствоаралық топтардың жұмысы жалғасып жатыр. Келесі аптада біз әкімшілік амнистия бойынша тәсілдерді ұсынамыз", - деп толықтырды министр орынбасары.

Мән-жайы17 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімшілік амнистия жарияланатынын айтқан болатын. Келесі күні премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында екі апта ішінде әкімшілік амнистия механизмін дайындауды тапсырды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus