Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Терроршыны ұстау барысында қаза тапқан“ - Қазақстанда Ғазиз Байтасов атындағы медаль пайда болады

Ақордада Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде қазіргі уақытта армияны заман талабына сай нығайту үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.
Президенттің пікірінше, еліміздің аумақтық тұтастығын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, "Заң және тәртіп" идеологиясын орнықтыру жауапты әрі жасампаз патриотизммен тығыз ұштасатын аса маңызды міндет.

"Біз құқықтық нигилизмге жол бермейтін, аңыздағы немесе қолдан жасалған "батырларды" емес, бұрынғы және бүгінгі нағыз қаһармандарды құрмет тұтатын үйлесімді қоғам құруымыз қажет. Туған елі мен халқының игілігі жолында адал қызмет еткен, ар мен намысты бәрінен биік қойған азаматтар жастарға үлгі болуға тиіс. Олардың қатарында қаза тапқаннан кейін ерліктері мен батырлықтары еленіп, орден-медальмен марапатталған әскерилер, полицейлер, құтқарушылар, арнаулы орган қызметкерлері де аз емес. Менің бастамаммен олардың есімдері көшелер мен түрлі мекемелерге беріліп жатыр. Мұндай тәсілді ведомстволық наградаға қатысты да пайдалануға болады. Осындай алғашқы марапаттың бірі – он бес жыл бұрын жанынан безген терроршыны ұстау барысында қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасов атындағы медаль. Біздің мақсатымыз – батырларымыздың ерлігін мәңгі есте қалдыру, отандастарымыздың жарқын бейнесін жүрегімізде сақтау, өскелең ұрпақты нағыз ерлікке, қайсарлыққа және шынайы патриотизмге тәрбиелеу", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ақорданың баспасөз қызметі
Іс-шара басталғанға дейін Ақорданың баспасөз қызметі елордалық резиденциядан Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге қалай дайындық жүргізілгені туралы кадрларды жариялады.











Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ТЕЛЕРАДИОКЕШЕНІНІҢ жарияланым (@ptrk.kz)


7 мамырда Қазақстан Отан қорғаушылар күнін – мемлекеттік мереке және ресми демалыс күнін атап өтеді. 2026 жылы елдің Қарулы Күштері өздерінің 34 жылдығын қарсы алады.
Отан қорғаушылар күні мемлекеттік мереке мәртебесін 2012 жылы алды. Сол кезде "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға өзгерістер енгізіліп, 7 мамыр ресми мереке күні ретінде бекітілді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus