Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандықтарға коммуналдық тарифтер үшін миллиардтаған теңге қайтарылады

Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтеріне қатысты бірқатар заңбұзушылық анықталды. Тұтынушыларға 14 миллиард теңге қайтарылмақ, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Анықталған заңбұзушылықтар
Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2026 жылдың бірінші тоқсанында табиғи монополия субъектілеріне жүргізілген тексеріс қорытындысын шығарды. Осы кезеңде комитет мамандары 58 тексеріс жүргізіп, 20 жағдайда заңбұзушылықтарды анықтады.
Кәсіпкерлерге қатысты 25 әкімшілік іс қозғалып, айыппұл сомасы 63,7 миллион теңгеден асты.

"Павлодар облысында "Павлодар-Водоканал" ЖШС-не қатысты тарифтік сметаның орындалуына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша жекелеген шығын баптарында ауытқу анықталды. Тексеріс нәтижесінде кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3,46 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, бұл қаражат бюджет кірісіне төленді", – деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ комитет өкілдері Семейде анықталған заңбұзушылықтар туралы айтты. Комитет мәліметінше, коммуналдық кәсіпорын тариф бойынша табыс тапқанына қарамастан, инвестициялық бағдарлама іс-шараларының бір бөлігін орындамаған.

"Соның салдарынан тұтынушылар 478 миллион теңгеден астам артық ақша төлеген, ал кәсіпорын айыппұл санкциялары салынып, жауапкершілікке тартылды", – делінген хабарламада.

Қаражатты қайтару қалай жүзеге асырылады?
Сонымен қатар ТМРК коммуналдық кәсіпорындардың жұмысын тексеруді және заңбұзушылықтар анықталған жағдайда тұтынушыларға қаражатты қайтаруды жалғастырып жатқандарын хабарлады.

"Нәтижесінде тұтынушыларға қаражатты қайтаруға бағытталған шаралар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, шамамен 14 миллиард теңге сомасына уақытша өтемақы тарифтері бекітілді, бұл тұтынушыларға игерілмеген қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз етеді", – деп хабарлады комитеттегілер.

Мәселен, Қарағанды облысында тарифтік міндеттемелер бір бөлігінің орындалмағаны анықталды. Тұтынушыларға өтемақы тарифтері арқылы 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады.

"Сонымен қатар жылумен жабдықтау саласында 2024-2025 жылдардағы жылыту кезеңінің қорытындысы бойынша есепке алу құралдарынсыз қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері жылу энергиясы үшін ақыны ҚҚС-ты есепке алғанда 1 554,68 миллион теңге сомасына қайта есептеді", – деп толықтырды ТМРК.

Сонымен қатар ведомство 2025 жылы мамандар 123 тексеріс жүргізіп, 62 жағдайда заңбұзушылықтарды анықтағанын хабарлады. Қарау қорытындысы бойынша 535 әкімшілік іс қозғалып, 922,9 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus