Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда кей жүргізушілер үшін автосақтандыру қымбаттайды

Қазақстанда сақтандыру полисін есептеу жүйесі өзгереді, - деп хабарлайды Tengri Auto Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Не өзгереді?

Негізгі өзгерістер "бонус-малус" жүйесіне қатысты болады. Сақтандырушылар оның көмегімен КҚИ АҚЖМС құнын есептейді.

Ол былай жұмыс істейді: жүргізуші көлікті неғұрлым ұқыпты айдап, жол-көлік оқиғасына (ЖКО) түскен жағдай жоқ болса, сақтандыру соғұрлым арзан болады. Керісінше – жол апаттары бағаны автоматты түрде қымбаттатады.

Енді бұл жүйе қайта қаралмақ.

Сирек кездесетін кластар алып тасталады

Мәселен, сирек қолданылатын "М1" және "М2" кластарын алып тастау жоспарланған. Оларды ешкім пайдаланбайтындықтан, олардан бас тарту туралы шешім қабылданды.

Сақтандыру қымбаттайды

Агенттіктің есептеуі бойынша, орташа төлем 23 870-тен 28 130 теңгеге дейін өседі. Бұл жүйенің тұрақтылығын сақтау және ЖКО кезінде зардап шеккендерге төлемдерге кепілдік беру қажеттілігімен түсіндіріледі.

Сақтандыру тарихы әртүрлі жүргізушілер үшін коэффициенттер бөлек есептеледі – сөз 4-тен 13-ке дейінгі кластар туралы болып отыр. Қарапайым тілмен айтқанда, апатқа ұшырағандар үшін сақтандыру айтарлықтай қымбаттауы мүмкін.

Жеке бағалау жүйесі енгізіледі

Тағы бір жаңалық – тәуекелді жеке бағалау. Сақтандыру компаниялары бірыңғай базадағы мәліметтерге қол жеткізіп, қосымша факторларды: ЖКО тарихын, сақтандыру жағдайларының жиілігін және жүргізушінің жалпы тәртібін ескере алады.

Полис құнын 10 пайыз шегінде жеңілдік жағына да, үстемеақы жағына да түзетуге болады. Яғни, көлігі мен өтілі бірдей болса да, екі адам әртүрлі төлеуі мүмкін.Ұқыпты жүргізушілерге арналған бонус

Бұл ретте ұқыпты жүргізушілерді қосымша ынталандыру көзделген. Егер адам бес жылдан аса уақыт бойы ең "жоғары" 13-класта болып, апатқа ұшырамаса, сақтандыру компаниясы оған стандартты деңгейден төмен қосымша жеңілдік бере алады.Өңірлік коэффициенттер қайта есептеледіӨзгерістер өңірлік коэффициенттерге де қатысты болады. Олар әртүрлі аймақтардағы апаттылық деңгейі мен сақтандыру төлемдерін дәлірек ескеру үшін неғұрлым өзекті мәлімет бойынша қайта есептеледі.

ЖКО ең көп болатын өңірлерде сақтандыру құны қымбатырақ болады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus