Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алдағы демалыс күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, үсік жүреді

"Қазгидромет" синоптиктері 30 сәуір және 1, 2 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады
Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Атап айтқанда, найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі.

"30 сәуірде елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, 2 мамырда оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін", - деді метеорологтар.

30 сәуірде солтүстік және орталық облыстарда, ал шығыс облыстарда кезең бойы жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Температура көрсеткіштері қандай болмақ?
Синоптиктердің мәліметінше, үш күн бойы батыста, 30 сәуірде шығыста, 30 сәуір – 2 мамыр аралығында солтүстік-батыста, 2 мамырда елдің солтүстігінде түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді.
Күндіз ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі:

оңтүстік-батыста +17...+22 градусқа дейін,солтүстік-батыста +13...+25 градусқа дейін,шығыста +25...+32 градусқа дейін,оңтүстік-шығыста +25...+32 градусқа дейін.

Ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

батыста +10...+15 градусқа дейін,солтүстікте +12...+18 градусқа дейін,орталықта +15...+25 градусқа дейін,оңтүстікте +18...+23 градусқа дейін.

Қазақстанда 2026 жылдың мамыр айы қандай болады
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы 2026 жылдың мамыр айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынған болатын. Мамандардың мәліметінше, жалпы ел бойынша ауа райы әдеттегіден жылы болады және жауын-шашын біркелкі түспейді деп күтіледі.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus