Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда дәрігерлерге арналған ЖИ: жүйе медициналық карталарды толтырып, кезекті қысқартады

Қазақстанда алғашқы қабылдау картасын және басқа да медициналық құжаттама бөлімдерін автоматты түрде толтыратын жасанды интеллект негізіндегі жүйе құру жоспарланып отыр. Үкімет отырысында стартап таныстырылды, - деп хабарлайды TengriHealth.
Мәселенің төркіні
Әзірлеушілердің айтуынша, бүгінде ірі қалалардағы дәрігерлер қабылдау уақытының 40 пайыздан астамын құжат толтыруға жұмсайды. Сонымен қатар, бейінді мамандарға кезек күту уақыты жеті күннен асып кетуі мүмкін.
Жоба авторлары сөзінше, дәрігерлердің жетіспеушілігі мен жоғары жүктеме олардың жұмыс қабілетін төмендетеді. Бұл маманның кәсіби жалығуына әкеліп, ем тағайындау кезінде қателік жіберу қаупін арттырады. Сонымен қатар, бұл факторлар пациентпен тілдесу уақытын қысқартып, қабылдау тиімділігін төмендетеді және ауруды кеш анықтау мен асқынуларға соқтыруы мүмкін, дейді әзірлеушілер.
Не ұсынылады?
Жоба жетекшісі Сұлтан Жұмабаев команданың дәрігер мен пациент арасындағы сөйлесуді жазып алып, дауысты танитын және оны құрылымдалған медициналық деректерге түрлендіретін жүйе жасағанын хабарлады. Содан кейін жүйе алынған ақпаратты медициналық картаға, оның ішінде негізгі бөлімдерге автоматты түрде енгізеді.

"Осыдан кейін алынған ақпараттың контексіне, шағымдар мен анамнезге сүйене отырып, алдын ала диагноз қояды, хаттамаларға сәйкес оңтайлы емдеу жолдары мен тағайындауларды ұсынады", - деді ол.

Жұмабаевтың айтуынша, жүйе құжаттама жүргізу уақытын 50 пайызға қысқартады, бұл дәрігерге науқасқа көбірек көңіл бөлуге және клиникаға көбірек пациент қабылдауға мүмкіндік береді.
Жоба нәтижелері
Команда мәліметінше, жүйе еліміздің төрт өңіріндегі 38 клиникада сынақтан өткен. Қазіргі уақтытта оны мемлекеттік және жекеменшік медициналық мекемелерде 52 дәрігер қолданып отыр.

"Орта есеппен дәрігердің алты сағаттық жұмыс күнінен 30 минутты үнемдедік. Жүйе пациенттің ауру тарихын ескереді және нақты жағдайға байланысты ем таңдайды. Дегенмен, соңғы шешімді әрқашан дәрігер қабылдайды", - деді Сұлтан Жұмабаев.

Жобаны дамыту аясында команда Денсаулық сақтау министрлігінен пациенттердің нақты медициналық деректерін анонимді түрде беруді сұрайды. Бұл жерде аты-жөні, ЖСН, байланыс мәліметтері және пациентті анықтауға болатын басқа да ақпараттарсыз жазбалар туралы сөз болып отыр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus