Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Неге кейбір саяжайлар әлі де қала құрамына қосылмаған: Алматы облысы әкімдігі түсіндірді

Алматы облысындағы саяжай массивтерінің қалаларға қосылып жатқанына бірнеше жыл болды, алайда кейбір учаске тұрғындары бұл процестің тым созылып кеткенін айтады. TengriHome редакциясы тағы қай саяжай шаруашылықтарының қала құрамына енбей қалғанын, оның себептерін және болашақта олардың қала шекарасына кіру мүмкіндігін анықтап көрді.
Не болды?
Редакцияға "Апорт" саяжай массивінің тұрғындары хабарласты. 2024 жылдың наурыз айында әкімдік бұл нысанды Қаскелеңнің жаңа бас жоспарына енген аумақтардың қатарында көрсеткен болатын. Айта кетейік, сол кезде "Апорттан" бөлек, қала құрамына тағы 43 саяжай қоғамдастығы енуі тиіс еді:
"Коммунальник" БКСТ, "Береке" БКСТ, "Звезда" БКСТ, "Ягодка" БКСТ, "Комета" БКСТ, "Сәуле", "Луч", "Ветеран-1", "Ветеран-2", "Достық", "Облгосбанк", "Строитель", "Серебристый", "Серебристый поток", "Лира", "Энергетик", "Юбилейный", "Отдых", "Арман", "Энергетик", "ЭнерВКУ", "Гүлдер", "Оазис", "Зеленый мыс", "Долансай", "Долансай-2", "Агат-2", "Мираж", "Гербера", "Рассвет", "Еңбек-31", "Мечта", "Рассвет", "Восход", "Автомобилист-30", "Восход", "Таугүл" және атауы жоқ 6 саяжай массиві.
Бірақ массив тұрғындарының бірінің айтуынша, олардың саяжайлары ресми түрде қалаға өтпеген. Ол мұндай тұжырымға Қаскелең әкімдігінен келген ресми жауаптан кейін келгенін айтып, құжатты редакцияға ұсынды.

"Қарасай ауданы Қаскелең қаласы әкімінің аппараты сіздің өтінішіңізді қарап, бүгінгі таңда ресми бас жоспар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы (ЕЖЖ) мәслихатпен бекітілмегенін және бекіту сатысында екенін хабарлайды", - делінген сауалға берілген жауапта.

Себебі неде?
Редакция түсініктеме алу үшін Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасына хабарласты. Басқармадағылар 2024 жылы Қаскелеңнің жаңа бас жоспары шынымен әзірленіп, мақұлданғанын түсіндірді. Осының аясында аталған ведомство жоғарыда көрсетілген барлық саяжай массивтерін қала құрамына қосу туралы жоба дайындаған. Бірақ мамандар бұл БКСТ-лар бірден автоматты түрде Қаскелеңге өтеді дегенді білдірмейтінін баса айтты.

"Жоба әзірленгеннен кейін тағы бір рәсім бар – ол қосылған саяжай массивтерін ескере отырып, қала шекарасын өзгертуді белгілеу. Бұл шараны жер қатынастары басқармасы жүзеге асырады. Одан кейін бұл өзгерістердің барлығы мәслихат пен әкімдіктің бірлескен шешімімен бекітіледі. Жер қатынастары басқармасы шекараны белгілеу процедурасын бастағанымен, Қаскелең қаласының бас жоспарына қайта түзетулер енгізіле бастауына байланысты оны тоқтата тұрды. Яғни қазір оның бекітілуін күтіп отыр, содан кейін қала шекарасын өзгерту рәсімі қайта жалғасады", - деп түсіндірді Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы.

Басқаша айтқанда, әзірге саяжай массивінің тұрғындарына жаңа бас жоспардың мақұлдануын күтуден басқа амал жоқ, оның мерзімі әзірге белгісіз. Дегенмен болашақта тағы қай саяжай тұрғындарының қалалық атануы мүмкін екендігі туралы ақпарат бар.
Тағы қай бау-бақша шаруашылықтары Қаскелеңнің бір бөлігі болуы мүмкін
Басқарманың нақтылауынша, қазір қаралып жатқан бас жоспар жобасы бойынша Қаскелең құрамына қосымша мыналарды енгізу жоспарлануда:
• "Водник" БКСТ,• "Егемен Қаламгер" БКСТ,• "Долан-2" БКСТ,• "Алма" БКСТ,• "Көктем" БКСТ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus