Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Кредиттік картаны қалай қауіпсіз әрі тиімді пайдалануға болады: ҚНРДА түсіндірді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несие картасын қалай дұрыс пайдалану керектігін және банктерге артық төлем жасамау жолдарын түсіндірді. Мамандар жеңілдік кезеңінің маңыздылығын, қолма-қол ақша алудан бас тартуды және шығындарды бақылау қажеттігін еске салды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
Несие картасы сатып алуларды банк есебінен төлеуге мүмкіндік береді, іс жүзінде бұл – қысқа мерзімді қарыз. Артық шығындарды болдырмау үшін ақшаны белгіленген мерзімде қайтару маңызды. Несие картасын дұрыс пайдалану қаражатты үнемдеуге және қаржылық тәуекелдерден аулақ болуға көмектеседі. ҚНРДА бұл мәселеге қатысты бірқатар ұсыныстар берді.


1. Берешекті жеңілдік кезеңінде өтеңіз
Жеңілдік кезеңі (грейс-период) – бұл жұмсалған ақшаны пайызысыз қайтаруға болатын уақыт аралығы (әдетте 30-60 күн). Басты ереже – қарызды ол аяқталғанға дейін өтеу. Мысалы, егер жеңілдік кезеңі айдың 25-інде аяқталса, сол күнге дейін барлық соманы енгізу маңызды, әйтпесе банк пайыз есептей бастайды.
2. Несие картасынан қолма-қол ақша алудан аулақ болыңыз
Несие картасынан қолма-қол ақша алу – тиімсіз операция. Банктер комиссия ұстайды және жеңілдік кезеңінсіз бірден пайыз есептейді. Несие картасын тек қолма-қол ақшасыз төлемдер үшін қолданыңыз.
3. Несие картасынан ақша аудармаңыз
Басқа карталарға аударымдар әдетте жеңілдік кезеңіне жатпайды, демек пайыздар бірінші күннен бастап есептеледі. Егер ақша жіберу қажет болса, дебеттік картаны немесе басқа әдістерді қолданған дұрыс.
4. Бонустық бағдарламаларды пайдаланыңыз
Банктер кэшбэк, жеңілдіктер мен бонустық бағдарламалар ұсынады. Сатып алуларды несие картасымен төлей отырып, қаражаттың бір бөлігін қайтаруға немесе балл жинауға болады. Дегенмен,бонустарды есептеу шарттарын ескеру маңызды.
5. Карта қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз

Карта мәліметтерін үшінші тұлғаларға бермеңіз.
Күрделі PIN-кодтар мен парольдерді пайдаланыңыз.
Барлық операцияны қадағалау үшін SMS-хабарламаларды қосыңыз.
Сатып алуларды тек тексерілген сайттарда төлеңіз.
Картаны жоғалтып алған жағдайда оны дереу банк арқылы бұғаттаңыз.

6. Ірі сатып алуларды жоспарлаңыз
Егер сіз ірі сатып алуды жоспарласаңыз, берешекті пайызсыз өтеуге көбірек уақыт болуы үшін оны есеп айырысу кезеңінің басында жасаған абзал.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus