Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қақпашы “Реалдың” Чемпиондар лигасы матчінде соғылған ғажайып голды қайталап, командасын құтқарып қалды

"Торонто" қақпашысы Лука Гавран MLS тұрақты чемпионаты ойынында "Бенфика" - "Реал" матчіндегі Анатолий Трубиннің ерлігін қайталады, деп хабарлайды Tengri Sport.
Екінші таймға қосылған уақытта, есеп 2:3 болып "Филадельфия Юнионның" пайдасына шешіліп жатқанда, қақпашы қарсыластың айып алаңына барды.
Доп айып алаңы үстінде ары-бері серпіліп, ақырында оны Гавран баспен қақпаға кіргізе алды.
Матч 3:3 есебімен тең аяқталды, ал кездесуден кейін күн қаһарманы қақпашы болғанға дейін шабуылда ойнағанын айтты.

"Шамасы, 10 секунд қалған еді. Қосалқы құрам орындығы жаққа қарап едім, бәрі алға баруымды ишаралап жатыр екен, мен де "неге бармасқа?" деп ойладым. "Жарайды, тек өз жүгірісіңді қайтала" дедім іштей. Одан кейін бәрі майдан қыл суырғандай оңай болды – кезінде "тоғызыншы" позицияда ойнап едім ғой!" – деп келтіреді қақпашының сөзін MLS баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Лука Гавран MLS тарихында гол соққан небәрі үшінші қақпашы атанды, ал бұған дейінгі мұндай жағдай осыдан 16 жыл бұрын – 2010 жылдың қазанында болған еді.

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі үшін тартыстағы Трубиннің ғажайыбы
Еске сала кетейік, осы маусымда қақпашының қатысуымен тағы бір маңызды гол соғылған болатын. Португалиялық "Бенфика" топтық кезеңнің соңғы матчінде өз алаңында "Реалды" жеңіп жатты, бірақ плей-оффқа шығу үшін оларға голдар айырмашылығын жақсарту қажет болды.
Кездесу соңында испаниялықтар қақпасына айып соққысы белгіленді, "Бенфика" қақпашысы Анатолий Трубин қосалқы құрам орындығынан ишара алған соң қарсылас айып алаңына жүгірді. Фредрик Эурснес допты дәл қақпашының басына асырды, ал ол әріптесінің қақпасын дәл көздеп, командасын плей-оффқа шығарды.

Нәтижесінде "Реал" мен "Бенфика" 1/16 финалда өзара кездесті, бірақ бұл кезеңде испаниялықтар мықтырақ болып шықты.
Мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасының 1/4 финалына дейін жетіп, онда мюнхендік "Бавариядан" жеңіліп, турнирден шығып қалды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus