Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тоқаев Моңғолия президентін “Алтын Қыран“ орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты "Алтын Қыран" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы тарихи сапар аясында марапаттау рәсімін өткізу қазақ тарапы үшін зор мәртебе екенін атап өтті.

"Біз Сізді өз халқын алға бастап келе жатқан парасатты, білікті, ірі саясаткер деп білеміз, сыйлаймыз. Моңғолияны көркейту жолындағы қажырлы еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Салиқалы саясатыңыздың арқасында еліңіз өсіп-өркендеп келеді. Өзіңіздің бастамаңызбен түрлі салада тың жобалар жүзеге асырылып жатыр. Моңғолияның экономикасы дамып, халқыңыздың әл-ауқаты жақсарды. Сонымен қатар еліңіздің аймақтағы және әлемдегі беделі арта түсті. Сіздің басшылығыңызбен моңғол жұрты алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беретініне кәміл сенеміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Президент екі ел арасында шынайы достық пен өзара құрметке негізделген қарым-қатынас орнағанына тоқталды.

"Сіз Моңғолия Үкіметін басқарған кезде екі елдің экономикалық ынтымақтастығын дамытуға тікелей атсалысқан едіңіз. Енді, міне, Мемлекет басшысы ретінде бұл бағыттағы жұмысты жаңа қарқынмен жалғастырып келесіз. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қазақ-моңғол байланысы стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді. Бүгін қол жеткізілген маңызды келісімдер достығымызды одан әрі бекемдей түсетіні сөзсіз. Қазіргі алмағайып, дүбірлі кезеңде осы ықпалдастығымызды күшейтудің мәні айрықша. Бұған барлығымыз да мүдделіміз. Сіз қазақ-моңғол қарым-қатынасын нығайтуға зор еңбек сіңірдіңіз. Осыған орай, мен Өзіңізді Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – "Алтын Қыран" орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бұл награда – барша қазақ халқының Сізге және бауырлас моңғол жұртына деген ерекше құрметінің белгісі. Қазақстан мен Моңғолияның достығы мәңгі болсын", – деді Мемлекет басшысы.

Ухнаагийн Хурэлсух Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары марапат тапсырғаны үшін алғыс айтып, Қазақстанмен достық қарым-қатынасты одан әрі дамыту жолында барынша күш-жігер жұмсауға дайын екенін жеткізді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus