Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Мейірім Нұрсұлтанов Әлімханұлының салмағында WBC титулы үшін жекпе-жекке шықпақ

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBC нұсқасы бойынша орта салмақта чемпиондық жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Tengri Sport боксшының командасындағы дереккөзге сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, Нұрсұлтанов уақытша чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне ие болды, енді екі апта ішінде қарсыласының жауабын күтеді. Сонымен қатар ол бұған дейін екі рет бас тартылған АҚШ визасын алды.
Айта кетейік, орта салмақта WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы доминикандық Карлос Адамес, ал желтоқсанда уақытша чемпиондық белбеуді америкалық Хесус Рамос иеленген болатын.
Бұдан бөлек осы салмақ дәрежесінде қазақстандық тағы бір әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өнер көрсетеді. Ол WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, сондай-ақ IBF нұсқасы бойынша бұрынғы чемпион — боксшының қанынан допинг табылғаннан кейін белбеуі тартып алынған.
Мейірім Нұрсұлтанов екі жылдан астам уақыт бойы жекпе-жек өткізбеген
Нұрсұлтановқа келер болсақ, 32 жастағы боксшы соңғы рет рингке 2023 жылы шығып, сол кезде төрешілер шешімімен Хулио Аламосты жеңген болатын.
Бұл ретте Нұрсұлтанов бірнеше жылдан бері WBC титулына міндетті үміткер болып тұр, алайда чемпион онымен жұдырықтасудан бас тартып келеді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Meiirim Nursultanov MN (@meiirim.nursultanov) жариялаған пост

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus