Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ақтөбеде ер адам жұмысқа бармай компаниядан миллиондаған ақша өндіріп алды

Ақтөбеде ер адам бұрынғы жұмыс берушісін сотқа берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мән-жайы
Ақтөбе соты Б.-ның "Е" ЖШС-не қарсы еңбек шартын бұзуды заңсыз деп тану, жұмысқа қайта алу, мәжбүрлі бос жүрген уақыты үшін ақы өндіру және моральдық зиян өтемін өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

"Талап қоюшы жауапкер "Е" ЖШС-не қарсы сотқа еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты заңсыз деп тану, оның күшін жою, жұмысқа қайта орналасу және мәжбүрлі бос жүрген уақыты үшін 3 198 012 теңге көлемінде жалақы өндіру туралы талап арызбен жүгінген. Ол еңбек шартын бұзу заңсыз екенін, себебі бұйрық шығару кезінде еңбек заңнамасының талаптары бұзылғанын алға тартты", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот анықтағандай, талап қоюшымен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы, жұмыс орнында болмағаны үшін бұзылған. Сонымен қатар тәртіптік жаза қолдану кезінде жұмыс беруші еңбек заңнамасының талаптарын, соның ішінде қызметкерден жазбаша түсініктеме алу және құжаттарды ресімдеу тәртібін сақтамаған.
Сот шешімі
Анықталған мән-жайларды ескере отырып, сот еңбек шартын бұзуды заңсыз деп таныды.
Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылды: еңбек шартын бұзу туралы бұйрық заңсыз деп танылып, күші жойылды, талап қоюшы ұңғымаларды жер асты жөндеу операторы лауазымына қайта орналастырылды.
Жауапкерден талап қоюшының пайдасына мәжбүрлі бос жүрген уақыты (үш ай) үшін 2 579 976 теңге көлемінде жалақы, 100 000 теңге моральдық зиян өтемі, сондай-ақ сот шығындары өндірілді.

"Соттың жұмысқа қайта алу және үш айлық жалақыны өндіру бөлігіндегі шешімі дереу орындалуға тиіс", - деп нақтылады баспасөз қызметі.

Сот актісіне шағым түскен жоқ және ол заңды күшіне енді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus