Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

СҚО-да қоқысқа тасталған жұмыртқалардан жүзге жуық балапан жарып шықты

Солтүстік Қазақстан облысында қоқысқа тасталған жарамсыз жұмыртқалардан жүзге жуық балапан жарып шықты. Оларды сол жерге қоқыс төгуге барған ер адам кездейсоқ тауып алған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Солтүстікқазақстандық тұрғын ерекше олжасы туралы әлеуметтік желіде айтып берді.
"Қоқыс түсіріп жатқанымда балапандардың шиқылы естілді. Құс фабрикасының қалдықтарын осылайша тірі балапандарымен бірге шығарып тастаған. Мұнда оларды шағалалар шұқып жатыр", - деп кейіді ер адам.
Ол балапандарды өлім аузында қалдыра алмағанын айтады.

@interesnyi.15region

♬ түпнұсқа дыбыс - Серик Жамансаримов

Кейінірек солтүстікқазақстандық жаңа видео жариялады. Видеодан құтқарылған балапандардың лампаның астында жылынып жатқанын көруге болады. Желі қолданушылары бұл оқиғаны қызу талқылап, балапандардың алдағы тағдырын білгісі келетінін жазды.

@interesnyi.15region @elenhcaaaxhdj пайдаланушысына жауап ♬ түпнұсқа дыбыс - Серик Жамансаримов

Қоқыс полигоны орналасқан Қызылжар ауданында бірнеше құс фабрикасы жұмыс істейді. Жергілікті тұрғындардың пайымдауынша, фабрикалардың бірі бір партия жұмыртқаны жарамсыз деп тастаған болуы мүмкін. Көктемнің шуақты күні мен қоқыс үйінділерінің ішіндегі шіру процестері инкубатор әсерін беріп, балапандар жаппай шыға бастаған.
Сонымен қатар мамандар "Ветеринария туралы" заңға сәйкес, жарамсыз жұмыртқалар мен құс шаруашылығының қалдықтары биологиялық қалдықтарға жататынын айтады. Оларды қоқыс үйінділеріне, орманға немесе тұрмыстық контейнерлерге тастауға тыйым салынған. Кәдеге жарату инфекциялардың таралуы мен қоршаған ортаның ластану қаупін болдырмайтын тәсілдермен жүргізілуге тиіс. Мұндай қалдықтар өртелуі, арнайы өңдеуден өтуі немесе мал қорымдарында жойылуы керек. Бұл нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Ресми органдар заңбұзушылыққа жол берген нақты қай кәсіпорын екенін айтқан жоқ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus