Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ипотека сауданы қыздырды. Наурызда қазақстандықтар баспананы көбірек сатып алған

Елімізде тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны төрт пайызға жуық өсті. Бұл көрсеткіш нақты санмен алғанда - 1 072. Пайыздық көрсеткіш бойынша: бір өңірде сауда көлемі үштен бірге, екеуінде төрттен бірден асса, тағы бір аймақта наурыз қорытындысы ақпанмен салыстырғанда 11 пайыз жоғары болған, деп хабарлайды TengriHome Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Статистиканы кімдер қалыптастырады?
Наурызда қазақстандықтар 28 493 мәміле рәсімдеді. Бұл ақпанмен салыстырғанда 3,9 пайыз көп (ол кезде 27 421 тұрғын үй нысаны сатылған болатын). Абсолюттік сандар бойынша дәстүрлі көшбасшылар - Алматы, Астана мен Қарағанды облысы. Ал пайыздық өсім жағынан келесі облыстарда сатылым күрт артты: Қызылорда (33,8 пайыз), Павлодар (26,7 пайыз), Ақмола (26,4 пайыз) және Жетісу облыстары (11,1 пайыз).Айта кетерлігі, елорда жалпы көлем бойынша екінші орында тұрғанымен, мұнда бір ай ішінде көрсеткіш 6,1 пайыз (барлығы 4 924 мәміле) төмендегені байқалады. Алматыда 12,1 пайыздық өсім (6 428 сатылым), ал Қарағанды облысында 0,4 пайыздық аз ғана өсім (2 258 мәміле) тіркелді.
Өңірлер арасында ең аз сатылым мына аймақтарда: Ұлытау (208 мәміле), сондай-ақ пайыздық өсім бойынша көш бастаған Қызылорда облысы (522 мәміле) мен Жетісу облысы (659 мәміле).
Рәсімделген келісімшарттардың басым бөлігі пәтерлерге тиесілі. ҰСБ мәліметінше, олардың үлесі 22 542 мәміле немесе жалпы сауда көлемінің 79,1 пайыз болады. Әсіресе бір бөлмелі пәтерге сұраныс жоғары - наурызда осындай 8 510 нысан сатылды. Ал жеке үйлерге деген қызығушылық, керісінше, бәсеңдеген.

"2026 жылдың наурызында ақпанмен салыстырғанда жеке үйлер бойынша мәмілелер саны 3,4 пайыз (211 мәмілеге) азайды. Наурызда барлығы 5 951 мәміле тіркелді. Жеке үйлер бойынша сатылымның ең көп өсімі Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. Ал ең үлкен құлдырау Атырау, Алматы және Қарағанды облыстарында тіркелді", - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Мемлекеттен берілетін сыйақы
Наурыздағы өсімге ипотекалық белсенділік әсер еткен болуы мүмкін. Дәл осы уақытта Отбасы банк салымшылары мемлекеттен жыл сайынғы сыйақы алады, бұл жинақтарды бағалау көрсеткішін арттырады. Сондықтан олар әдетте қолайлы баспананы алдын ала қарастырып қояды.

"2026 жылдың ақпанында 84 844 миллион теңге сомасына 3 618 қарыз берілсе, наурызда 131 968 миллион теңге сомасына 5 317 қарыз берілді", - деп хабарлады банктің баспасөз қызметі TengriHome-ға.

Ал ҰСБ хабарламасында 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, биылғы қаңтар - наурызда мәмілелер саны 4,6 пайыз азайғаны айтылған.
Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы наурызда қайталама нарықта пәтер арзандағанын хабарлаған болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus