Иранның ислам революция сақшылар корпусы балалар 12 жастан бастап қорғаныс операцияларына қатыса алады деп мәлімдеді. АҚШ пен Израильдің шабуылы жалғасып жатқан тұста Иран балаларды өткізу-бақылау пунктеріне қоймақ. Халықаралық құқыққа сай, 15 жастан кіші балаларды соғысқа, қақтығысқа тарту қылмыс саналады.