Қырғызстанда ұсталып, Астанаға жеткізілген белсенді Ермек Нарымбаев сот пәрменімен екі айға қамауға алынды. Ол "сот үкімін орындамағаны үшін" қылмыстық бап бойынша жауапқа тартылмақ дейді адвокаты. Қамалардан бұрын ол әлеуметтік желіде Конституция жобасына қатысты сыни посттар жазған.