Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Семейде белсенді Нұржан Сембаев ұсталды

Семейде азаматтық белсенді Нұржан Сембаев ұсталды. Бұл жөнінде "Белсенділер экстремист емес" тобы хабарлады.

Белсенді Елдос Досановтың Азаттыққа айтуынша, Нұржан Сембаевты 3 ақпанда арнайы жасақ жұмыс істеп жатқан жерінен алып кеткен.

"Таныс жігіттің цехында жұмыс істеп жатқан екен. Арнайы жасақ жүгіріп келіп, арасында полицейлер бар дейді, қолын қайырып, ұстап алып кеткен. Не үшін ұстағанын түсіндермеген. Мемлекет тағайындаған адвокат хабарласып, "405-бап ("тыйым салынған ұйымның ісіне араласу") бойынша ұстады"деп айтты" деді Елдос Досанов 5 ақпанда.

Оның сөзінше, бір күн бұрын жақтастары Затон аудандық полиция бөліміне барған. Бірақ ондағылар жауап бермей қойған.

Жергілікті құқық қорғаушы Райгүл Садырбаева Сембаевтың ұсталғанына екі күн болса да, оның қазір қайда екенін білмей отырмыз деді.

"Адвокат таптық. Бірақ қазір Нұржанның қайда екенін біле алмай отырмыз. Уақытша қамау изоляторына барсақ, "бізде отырған жоқ" дейді. Дегенмен бізге сенімді дереккөз сол жаққа қамағанын айтқан. Бүгін тағы іздейміз" деді ол Азаттыққа.

Семей қаласының уақытша қамау изоляторының қызметкері Нұржан Сембаевты Өскемен қаласының тергеу изоляторына алып кеткенін хабарлады.

"Біз сол жаққа жібердік. Бізде уақытша қамау изоляторы. Бізде бұлтартпас шарасы тағайындалғанға дейін болады. Сот санкция бергеннен кейін олар тергеу изоляторына жіберіледі" деді изолятор қызметкері.

Нұржан Сембаев - қоғамдағы саяси-әлеуметтік мәселелерге пікірін ашық айтып жүрген белсенді. Сол үшін бұған дейін әкімшілік жазаға да тартылған. Ол Маралдыда алтын фабрикасын салуға қарсы шыққан ауыл тұрғындарын да қолдаған.

Қаңтар көтерілісі кезінде бірнеше ай тергеу изоляторына қамалып, азапталып, кейін дәлел жоқ деп босатылған. Бұған дейін семейлік белсенділер прокуратура мен полициядан жазбаша кешірім сұрауды және моральдық шығын да талап еткен.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus