Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды. Бұл жөнінде Ұлттық банк хабарлады.

Соңғы рет базалық мөлшерлеме былтыр қазанда өзгертілген еді: ол кезде Ұлтық банк базалық мөлшерлемені 16,5 пайыздан 18 пайызға дейін бірден көтерген. Ведомство мұны инфляцияны тежеу қадамы ретінде түсіндірді.
Қаржы реттеуші органның мәліметінше, 2025 жылы желтоқсанда айлық инфляция біршама жеделдеп, 0,9% болған. Базалық инфляция 0,8% деңгейінде қалған.
“Инфляция 2025 жылдың қорытындысы бойынша 12,3% болып, Ұлттық Банктің болжамына сәйкес келді. Инфляцияның қалыптасуына азық-түлік компоненті (13,5%) көп үлес қосты. Оның құрылымында ет пен май бағасының шарықтауы өндіріс шығындарының өсуіне және жоғары экспорттық жеткізілімдерге негізделген. Азық-түлікке жатпайтын инфляция соңғы айларда айырбастау бағамының нығаюына байланысты біршама төмендеді (11,1%), ал реттелетін тұрғын үй-коммуналдық қызметтер тарифінің әкімшілік шараларға байланысты төмендеуі салдарынан ақылы қызметтер бағасының өсу қарқыны баяулады (12,0% дейін)” деп жазылған Ұлттық банк хабарламасында.
Базалық мөлшерлеме – бұл орталық банктің ақша құнын басқару тетігі. Ұлттық банк базалық ставканы екінші деңгейлі банктерге кредит берерде және олардың ақшасын депозитке қабылдарда қолданады. Яғни, ұлттық банк коммерциялық банктерге несиені дәл осы базалық ставкамен береді.
Сарапшылардың пікірінше, қосымша құн салығының өсуі, квазифискалды секторға ірі инвестиция мен тұрғын үй коммуналды шаруашылық тарифтерінің артуы мен жанармайдың қымбаттығы бағаның шарықтауына әрі қарай да әсер ете береді. Дегенмен инфляцияны тұтыну несиесінің артуына қарсы қатаң шаралар, жоғары базалық мөлшерлеме мен рубльдің әлсіреуі сияқты түрлі амалдар тежеуі мүмкін.
Базалық мөлшерлеме бойынша шешім енді 6 наурызда қабылданады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus