Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

АҚШ наразылықты басып-жаншыған Иран шенеуніктеріне санкция салды

АҚШ ирандық бес шенеунікті жаппай наразылық акцияларын күшпен басып-жаншуға қатысы бар деп айыптап, оларға қарсы шектеу енгізді.

АҚШ Қаржы министрлігінің хабарлауынша, санкция тізіміне Иранның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани енгізілген. Оған қоса Лорестан және Фарс провинцияларындағы өңірлік полиция бөлімшелері мен Ислам революциясы сақшылар корпусы күштерін басқаратын төрт адам санкцияға ілінген.

Министрлік мәліметінше, Әли Лариджани Ирандағы наразылықтарға қарсы билік жүргізген шараларды үйлестіруге жауапты болған әрі бейбіт шерулерді күш қолданып басып-жаншуға ашық үндеген. Ал санкция тізіміне енген күштік құрылымдар өкілдерінің ирандықтарға қарсы жасалған зорлық-зомбылықтар мен наразылық шеруіне шыққандарды өлтіруге қатысы бар дейді АҚШ Қаржы министрлігі.

"2025 жылдың желтоқсанында наразылықтар басталғаннан бері ирандық қауіпсіздік күштері шерушілерге қарудан оқ атып, иран халқын өмірі мен бостандығынан айырды", – деп жазылған ресми мәлімдемеде.

АҚШ сонымен бірге Фардис түрмесіне қатысты да санкция енгізді. Мемлекеттік департаменттің мәлімдеуінше, ол түрмеде әйелдерге "қатыгез, адамшылыққа жат әрі ар-намысты қорлайтын" озбырлық жасалған.

Бұдан бөлек, Қаржы министрлігі иран мұнайы мен мұнай өнімдерін шетел нарықтарында сатудан түскен табысты "жасырын банкинг" тетіктерін пайдалану арқылы заңдастыруға қатысы бар деп айыпталған бірқатар жеке тұлғалар мен ұйымдарға да санкция салды.

Иранда 2025 жылғы желтоқсанның аяғынан бері жалғасып жатқан жаппай наразылықтар 1979 жылғы Ислам революциясынан кейінгі кезеңдегі елдің клерикалдық билік режиміне төнген ең елеулі сын-қатерлердің бірі деп бағаланып отыр. Иранның ұлттық валютасы – риалдың күрт құнсыздануы мен аса қарқынды инфляцияға наразылық білдірген жұрттың экономикалық талаптары кейінірек саяси реңк алып, билікке қарсы ұрандар мен монархияны қайта қалпына келтіруге шақырған үндеулер де естіле бастаған.

Құқық қорғау ұйымдары жаппай наразылықтар басталғалы бері кемінде 3428 адам қаза тапты дейді. Ал Иран сыртқы істер министрі "мыңдаған адам қаза болды" деген ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Ирандағы наразылықтар туралы толығырақ Азаттық материалдарын оқыңыз:

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus