3 қаңтарда АҚШ Венесуэла астанасына әскери шабуыл жасап, ел президентін күштеп алып кетті. Бұл туралы Дональд Трамп әлеуметтік желіде хабарлады. Ол Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы АҚШ-тың арнайы күштерінің қолында деп жазды. Сарапшылар Ақ үйдің интервенциясын Монро доктринасымен байланыстырды.