Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Шешенстанда Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза болғандарға арналған мемориал ашылды

Ақтаудағы ұшақ апатының бір жылдығына орай Шешенстан астанасы Грозныйда қаза болғандарға арналған мемориал ашылды. Мемориал Әзербайжанның бірінші президенті Гейдар Әлиев атындағы саябақта орналасқан. Бұл жөнінде ресейлік ТАСС агенттігі жазды.

"Бұл әуе апаты біз үшін қайғылы жаңалық болды. Бүгін біз Баку-Грозный рейсі жолаушыларының құрметіне ескерткіш тақта ашып отырмыз. 29 адамның өмірін сақтап қалған ұшқыштар мен экипаждың ерлігі біздің есімізде мәңгі сақталады" деп Шешенстан үкіметінің жетекшісі Галас Таймасханов.

Шара кезінде әзербайжан AZAL әуе компаниясының президенті Самир Ырзаевқа апаттан аман қалған бортсеріктер Зулфугар Асадов пен Айдан Рагимлидің көрсеткен батылдығы үшін «Шешенстанға сіңірген еңбегі үшін» медалі берілген.

Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Embraer ERJ 190-100 жолаушы ұшағы былтыр 25 желтоқсанда Қазақстанның Ақтау қаласы маңына құлады. Ұшақта 67 адам болған: 38-і қаза болып, 29-ы аман қалған.

Апат салдарынан қаза болған 38 адамның алтауы – Қазақстан, 25-і – Әзербайжан, жетеуі - Ресей азаматтары.

Бастапқыда апаттың себебі жөнінде түрлі долбар болды. Ұшаққа Ресей аумағында оқ атылған болуы мүмкін деген болжам айтылғанда, Қазақстанның ресми өкілдері мұны "хайп қуу" деп атап, сын айтқан.

Кейін Әзербайжан президенті Илхам Әлиев апатқа "Ресейдің өкілдері жауапты" деп мәлімдеді. Әлиев Ресейден кінәсін мойындауды және осы оқиғаға кінәлілерді жазалауды талап етті.

Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан ұшағының апатқа ұшырауына байланысты кешірім сұрағанымен, жауапкершілікті мойнына алған жоқ. Тек биыл қазан айында Путин жолаушылар ұшағы апатына Мәскеу жауапты екенін мойындады. 9 қазанда Ресей басшысы ұшақ апатының себебін тек екі күн бұрын білгенін айтты.

Биыл 4 ақпанда Қазақстан Ақтаудағы ұшақ апатын тексерудің алдын ала қорытындысын жариялады. Көлік министрлігі мен ұшақ апатын зерттеу жөніндегі комиссия "ұшақ қаптамасындағы шұрық тесіктер сырттан бөгде заттар тигенін көрсетеді" деп жазған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus