Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Orda.kz редакторы Бажкенова 2 айға үйқамаққа алынды. "Әділ сөз" тергеуді ашық жүргізуге шақырды

Orda.kz сайтының бас редакторы Гүлнәр Бажкенова екі айға үйқамаққа алынды. Бұл жөнінде оның адвокаты Мұрат Адам Facebook парақшасында хабарлады. 1 желтоқсан таңертең оның үстінен "алған ақпарат тарату" күдігімен қылмыстық іс қозғалып, журналистің үйі мен Orda.kz-тің Алматыдағы редакциясында тінту жүргізілген.

"Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымы Orda.kz сайты мен бас редакторы Бажкенованың жағдайына алаңдаушылық білдіріп, мәлімдеме жасады. Ұйым "тараптардың процессуальдық құқығы мен қылмыстық-процессуальдық кодекстің сақталуы керегіне назар аударады".

"Тергеу процедураларының толық ашық жасауға, журналистердің құқығын құрметтеуге және сөз бостандығына қысым деп бағаланатын кез келген әрекеттерге бармауға шақырамыз" деді "Әділ сөз" мәлімдемесінде.

1 желтоқсанда Сайттың Астанадағы шеф-редакторы Дмитрий Кимді де тергеуге апарғаны, үйін тінткені хабарланған.

Orda.kz телеграм-арнасында "Алматыдағы шеф-редакторына, жаңалықтар редакторына, бухгалтерге де тінту жүргізіліп, құжаттар мен техника тәркіленгенін" жазды. Редакцияның заңгері мен адвокатын ішке кіргізбегені айтылды.

Кешке дейін Бажкенованың қайда екені белгісіз болып келген.

Редакцияға тінту басталған сәтте Алматы қалалық полиция департаменті "келіп түскен өтініштер негізінде О. ақпараттық ресурсының редакторы азаматша Б.-ға қатысты қасақана және бірнеше рет жалған мәліметтер тарату деректері бойынша қылмыстық істер қозғалғанын" хабарлады.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, 2024 жылы жарияланған материалдардың бірінде құқық қорғау органы қызметкерінің пара алған кезде ұсталды деген шындыққа жанаспайтын ақпарат таратылған. Тергеу барысында мұндай фактінің болмағаны нақтыланды. Осылайша, азаматша Б.-ның әрекеттері жарияланымда көрсетілген қызметкердің кәсіби беделіне нұқсан келтіріп, қоғамда жалған пікір қалыптастырған" деген Алматы полициясы.

2025 жылы шілдеде Orda.kz басылымының негізін қалаушы әрі бас редакторы Гүлнәр Бажкенова иелігіндегі медианы билікпен байланысы бар адамдар рейдерлік жолмен тартып алғалы жатқанын мәлімдеген. Бұған дейін де түрлі қысым жасалып келді деген журналист сайтты алып қалу үшін Қазақстанның да, АҚШ-тың да сотына арызданып жатқанын айтқан.

Қыркүйектің басында Orda.kz басылымы өз дереккөзіне сүйеніп, Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиев және ҰҚК-нің бірқатар қызметкері ұсталды деп хабарлаған. Кейін Нұртілеу ел алдына шыққан соң Бажкенова өз сөзіне "дәлел барын", бірақ "жеңілгенін" айтып жазба қалдырған. Дегенмен қозғалған қылмыстық істердің бұл оқиғаға қатысы бар-жоғы туралы ештеңе айтылған жоқ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus