Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Журналист Лұқпан Ахмедияровтың Facebook парақшасы өшірілді

Тәуелсіз журналист Лұқпан Ахмедияровтың Facebook-тағы парақшасы өшірілді. Бұл жөнінде “Республика” басылымы және құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина хабарлады.
“Республиканың” жазуынша, ол аккаунты өшірілмей тұрып, қорғаныс министрлігінен біреулердің хабарласып, “әскердегі сарбаздардың өлімі мәселесін қозғамау жөнінде” ескерткенін айтып, жазба жариялаған.
“Қорғаныс министрлігі қаза болған сарбаздар туралы ақпаратқа қалай реакция білдірді. Кеше “Просто журналистика” YouTube-арнасында “Долг РодинЫ" атты деректі фильм шықты. Фильм шықпай тұрып бірнеше күн бұрын маған бұрынғы оқушым (институттан кейін мен ауыл мектебінде төрт жыл мұғалім болып істегенмін – Л.А) хабарласты. Сол бұрынғы оқушым қорғаныс министрлігінің Батыс Қазақстан облысындағы бөлімінде істейді. Оның сөзінше, “министрліктегі ірі тұлға Лұқпан Сайлауұлынан әскер тақырыбын шайқамауды сұраған” деп сайт Ахмедияровтың жазбасынан үзінді келтіреді.
Оның Facebook-та бірнеше парақшасы бар. Деректі фильм жарияланған парақшасы жабылған.

Сайттың жазуынша, бірнеше күн бұрын Ахмедияров ақпарат министрлігінің өкілі Михаил Комиссаровтың "Республика" сайтын бұғаттау себебі туралы видеомен айтқан пікірін де жариялаған.
Қорғаныс министрлігі бұл оқиғаға ресми түрде түсініктеме бермеді.

Кейінгі кезде белсенділер мен журналистердің желідегі парақшаларының бұғатталуы жиіледі. Бұған дейін журналист Вадим Борейко мен Асхат Ниязовтың Instagram парақшаларындағы жазбалар жойылған еді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus