Байқоңырдан ғарышқа ұшқан ресейлік "Союз" зымыраны қалдықтары Ұлытау өңіріндегі елдімекенге жақын маңда далаға құлаған. Депутат оқыс оқиға жұртты абыржытып тастағанын айтса, қазақстандық министрлік "қалдықтар қауіп тудырмайды" дейді. "Союз" зымыраны ұшқан кезде Байқоңырдағы ұшу алаңына зақым келген.