Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

ҰҚК Айдос Есполовтың тергеліп жатқанын растады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Астана ЭКСПО-2017" компаниясы төрағасының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполовқа қарсы қылмыстық іс қозғалғанын растады.

"ҰҚК көрсетілген факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр" деп жазылған ҰҚК-ның Азаттыққа берген жауабында.

Онда тергеу құпиялылығына байланысты басқа мәлімет жарияланбайтыны көрсетілген.

Бұған дейін ҚазТАГ дереккөзге сүйене отырып Есполовтың ұсталғанын хабарлаған. Дереккөз оның 2,2 млрд теңге қаражатты жымқыру ісі бойынша күдікке ілінген.

Айдос Есполов – бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші әйелі Әсел Құрманбаеваның туысы. БАҚ оны Еуразия технология университеті мен Alatau Asset Management Company-ның құрылтайшысы ретінде атайды.

Ақпарат құралдарының болжауынша, оның қамалуы EXPO-2017 компаниясындағы ақша жымқыру ісімен байланысты болуы мүмкін.

2025 жылы сәуірде мәжіліс депутаттары "Астана ЭКСПО-2017" компаниясындағы ақша жымқыру ісін қозғаған еді. Депутаттар іс бойынша жаңа деректердің пайда болуына қатысты үкімді қайта қарауға шақырған.

Депутаттардың сауалына жауап берген бас прокуратура биыл жазда "Астана ЭКСПО-2017" ісі бойынша шыққан үкімді қайта қарауға негіз жоқ деп мәлімдеген және ЭКСПО қаржысының жымқырылуы бойынша "аты аталмаған тұлғаларға" қатысты тағы бір қылмыстық іс антикордың өндірісінде екенін айтқан.

2016 жылы «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясының басшысы болған Талғат Ермегияев «аса ірі көлемде пара алды» деп айыпталып, 14 жылға сотталған еді. Ол айыппен келіспеген. Бас прокуратура мәліметінше, «Астана EXPO-2017» ақша жымқыру ісі бойынша жалпы 20-дан астам адамға үкім оқылған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus