Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астанада полиция Feminita белсендісі Жанар Секербаеваны ұстап босатты

22 қарашада Астанада полиция “Феминита” белсендісі Жанар Секербаева мен queerkz негізін қалаушы Темірлан Баймашты ұстап босатты.
Әлеуметтік желіде тараған видеода бірнеше полиция қызметкерінің Секербаеваға оның үстінен арыз түскенін айтқаны көрінеді.
“Феминита” тобының хабарлауынша, белсенділер дәмханада шәй ішіп отырған кезде "агрессия көрсеткен арандатушылар" кіріп келген. Олар “ұсақ бұзақылық”, “күш көрсету” бойынша полицияға арыз жазған. Бұдан кейін полиция қызметкерлері Секербаева мен Баймашты Сарыарқа аудандық полиция бөліміне жеткізген.
"Власть" сайтының хабарлауынша, олардың үстінен жергілікті тұрғындардың бірі арыз түсірген, бірақ белсенділерге іспен танысуға мүмкіндік берілмеген. Секербаева сталкинг бойынша полицияға арыз түсірмекші.

Астана полициясы әзірге түсініктеме бермеді. "Власть" жазуынша, қозғалыс мүшелері ұсталғандарды қолдап, полицияға барған. Әкімдіктің өкілі Дамир Хисматуллин оларға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік жөнінде ескертіп, таратуға тырысқан.
Бір күн бұрын Астанада ЛГБТ өкілдерінің құқығына арналған Education Community ұйымының шарасы өткен еді. Ол жаққа полиция мен ЛГБТКИА+ өкілдеріне қарсы әйелдер келіп, шараның өтуіне кедергі жасаған. Ақыры полиция шараның спикері Ардж Тұрсынқанды ұстап әкеткен. "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша айыпталған Ардж Тұрсынқанға сенбі күні 78 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, босатылды.
Ал шараға кедергі келтірген әйелдердің жауапқа тартылғаны-тартылмағаны белгісіз.
Мұндай оқиға елде ЛГБТ насихатына тыйым салуды қарастыратын даулы түзетулерді парламенттің төменгі палатасы қабылдап, сенатқа жолдаған шақта болып отыр. Сенат қабылдаса, президент қол қояды. Жоба авторларының түсіндіруінше, аталған түзетулер "ЛГБТ өкілдеріне қарсы бағытталмаған", "оларды насихаттауға" ғана тыйым салады.
Бұған дейін халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан парламентін түзетулерден бас тартуға шақырған еді. Құқық қорғаушылардың пікірінше, ұсынылған түзетулер адам құқығын бұзып, елдегі ЛГБТИК+ өкілдеріне қатер төндіруі мүмкін.
Түзетулер қабылданған жағдайда Қазақстан адам құқығы саласында халықаралық қауымдастық алдында алған міндеттемелерді бұзады, арасында балалардың білім алу, денсаулығы мен ақпарат алу құқығы бар дейді құқық қорғаушылар.
Өткен аптада Астанада “ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы” түзетулер талқылануы тиіс болған жиын офлайн өтпей қалған еді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus