Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ақтауда "Қазақтелеком" жұмысшылары жалақы өсіруді талап етті

Ақтауда "Қазақтелеком" компаниясының жұмысшылары басшылыққа видеомәлімдеме жасап, жалақыны өсіруді сұрады. Бұл жөнінде «Лада» басылымы жазды.

"Қазіргі таңда инфляция мен елдегі қымбатшылық біздің қарапайым жұмысшының қалтасын қағып, отбасын асырауды өте қиындатып жіберді. Азық-түлік, коммуналдық қызметтер, тұрмыстық қажеттіліктер бәрінің бағасы шегіне жетті. Біздің жалақымыз негізгі қажеттіліктерді өтеуге жетпейді. Осындай экономикалық ауыртпалық кезеңінде бізге жеткен ақпарат бойынша, топ менеджерлер жақында он айлық жалақы көлемінде қомақты сыйақы алған. Ал компанияның бар ауыртпалығын арқалап жүрген қарапайым жұмысшыларға небәрі 20 мың теңгеден берілген. Бұл ашықтан ашық әділетсіздік және біздің еңбегіміздің бағаланбайтындығының айқын көрінісі" деді жұмысшылар мәлімдемеде.

Видеомәлімдемеде 40-қа жуық адам тұрғаны байқалады. Жалпы компанияның Ақтау бөлімшесінде қанша адам істейтіні белгісіз.

Ал "Қазақтелеком" компаниясы жергілікті Orda сайтына ашықтық принципімен жұмыс істейтінін және кәсіподақ өкілдерімен кездескенін айтқан. Компания өкілдері "бюджетті жоспарлағанда жалақыға индексация жүргізілетінін" айтқанмен Ақтаудағы жұмысшылардың талаптары орындала ма, жоқ па, ол жағын нақтыламаған.

"Аймақта омбудсмен және кәсіподақ өкілдерімен кездесу өткізілді. Қызметкерлердің барлық ұсынысы мен мәлімдемесі мұқият қарастырылды және алдағы жұмыста ескеріледі" деп жазылған компанияның жауабында.

2024 жылы маусымда "Қазақтелеком" басқармасының бастығы болып бұрынғы цифрлық даму және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин болып тағайындалған. Әлеуметтік желіде белсенді компания басшысы әзірге Ақтаудағы жұмысшылардың талабына реакция білдірмеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus