Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматы соты блогер Мирболат Мырзатайұлын төрт жылға бас бостандығынан айырды

Алматының Медеу аудандық №2 соты блогер Мирболат Мырзатайұлын 4 жылға бас бостандығынан айырды. Сот блогерді 174-бабының 1-бөлігі (“Алауыздық қоздыру” бабы) бойынша кінәлі деп танып, қауіпсіздігі орташа түрмеде жазасын өтеуге жіберді.

Адвокат Жанар Балғабаева үкімді апелляцияға беретінін айтты.

“Мұндай үкім болады деп күткен жоқпыз. Бәріміз шок болып отырмыз. Міндетті түрде апелляцияға береміз. Әділетсіз, заңсыз, негізсіз үкім деп санаймыз” деді ол Азаттыққа.

Айыптау актісінде блогердің биыл сәуір айында Алматыдағы мекеменің кеңсесіне барып, "мекеме басшысымен жанжал барысында" "ұлттық араздықты қасақана қоздыруға кіріскені" жазылған. Актіге сүйенсек, блогер мен мекеме басшысы арасында келіспеушілік тілге қатысты туындаған. Актіде мекеме басшысымен болған диалогтан да үзінді келтіріледі. Онда "басшылық қызметте отырып мемлекеттік тілді сыйламайсыз", "дереу орныңызды босатуды талап етеміз" деген сияқты тіркестер кездеседі. Блогердің бұл видеосы Instagram желісінде шыққан.

Сот кезінде блогер өзіне тағылған айыптармен келіспеді.

13 қарашада блогерді қолдап, сотқа белсенділер жиналды. Соттан кейін олар үкімге наразылықтарын білдірді.

"Мирболаттың бар жазығы қоқысты тазалайтын мекеме қызметкерлеріне "қазақша сөйлеңіз" деген талап қойған. Халыққа қызмет көрсету орындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері қазақ тілін білуі шарт. Жалпы Қазақстанның әрбір азаматы ұлтына қарамастан, қазақ тілін білуі шарт. Қазақстан азаматы ретінде бұл оның парызы. Ал сол үшін қазақ тілінде мемлекеттік қызмет көрсетуді талап еткені үшін төрт жылға соттау мемлекеттің жоқтығын көрсетеді" деді қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайұлы.

Мирболат Мырзатайұлы 2 қыркүйек күні ұсталған. Полиция әлеуметтік желіге мониторинг жасау кезінде "ұлтараздықты қоздыру белгілері бар видеоны" анықтаған деп айтылады.

Туыстары мен жақтастары Мирболат Мырзатайұлы блогерлік қызметіне байланысты қамалды деп санайды.

54 жастағы Мирболат Мырзатайұлы кейінгі он жылдан бері медиа саласында жүр. Бұрын мемлекеттік "Қазақстан" арнасында, КТК телеарнасында журналист қызметін атқарған. Кейінгі жылдары азаматтық белсенділер арасында жиі жүреді. Қоғамдағы әлеуметтік-саяси тақырыптар бойынша сыни жазбалар жариялайді. Саяси астары бар делінетін сот істерінен хабар таратады. Наразылық акцияларынан тікелей эфирге шығады. Қазір YouTube-та "Журналисттік зерттеулер агенттігі" деген арнаны жүргізеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus