Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

АҚШ Конгресі шатдаунды тоқтатуды қолдап дауыс берді

Сәрсенбі күні кешке өкілдер палатасы үкімет шығынын қаржыландыру туралы заң жобасын мақұлдады. Осылайша мемлекеттік қызмет пен мекемелердің айтарлықтай бөлігінің жұмысын тоқтатқан АҚШ тарихындағы ең ұзақ - 42 күндік шатдаунға нүкте қойылды.

Алдағы екі айдың бюджет жобасын өкілдер палатасының 222 мүшесі қолдады. Оның мақұлдануы үшін 433-тен кемінде 217 дауыс керек болған. Залда палатаның төрт мүшесі жоқ болғандықтан бұл көрсеткіш 215 болып қалған. Бюджет жобасын 216 республикашылмен қатар, тағы алты демократ қолдады.

Енді бюджетке президент Дональд Трамп қол қоюы керек. Ол оған жақын арада қол қоятынын айтты.

Заңға сәйкес, 43 күн бойы жалақы алмаған көптеген мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне толық өтемақы төленеді. Шатдаун кезінде қысқаруға ұшыраған мемлекеттік қызметкерлер жұмысына қайта оралады және табысы төмен америкалықтарға азық-түлік бойынша жеңілдіктер қайта беріле бастайды.

Бұған дейін Конгрестегі демократтар мен республикашылдардың бюджет жобасы бойынша келісе алмауы салдарынан үкімет жұмысын қаржыландыру тоқтап қалған (шатдаун) еді. Демократтар бюджет шығыс бөлігінде азаматтарды медициналық сақтандыру бағдарламасына мемлекеттен субсидия бөлуді ұзартуға арналған қаражат қарастыруды талап еткен еді. Алайда олар мақсатына жете алмады. Бірнеше демократ республикашылдардан жақын арада субсидияларды ұзартуды талқылау туралы уәде алғаннан кейін заң жобасына дауыс берді.

Конгресстің бюджет қызметінің есебінше, шатдаун төртінші тоқсанда АҚШ-тың жалпы ішкі өнімінің өсімін 1,5 пайызға азайтады. АҚШ тарихындағы ең ұзақ шатдаунның салдары халыққа айқын сезіле бастаған еді: елде әуе диспетчерлері жетіспегендіктен әуе рейстері шегерілді.

Жаңа заң мемлекеттік қызмет түрлерінің басым бөлігін қаңтардың соңына дейін ғана қаржыландыруды қарастырады. Одан кейін Конгреске мемлекет шығынына қаржы бөлу мәселесін тағы шешуіне тура келеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus