Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

ХАМАС қолындағы 20 израильдік кепіл тұтқын түгел босатылды

АҚШ пен Еуроодақ террор ұйымы деп таныған ХАМАС тобы тірі қалған 20 кепіл тұтқынның бәрін босатты. Қарулы топ оларды 2023 жылғы 7 қазан күні Израильге шабуыл кезінде кепілге алған. Мұның арты соғысқа ұласып, өткен аптада АҚШ араағайындығымен бейбіт келісім жасалған. Бүгін Египеттегі конференцияда осы келісім аясындағы бейбітшілік жоспары талқыланады.

Дүйсенбі, 13 қазанның таңында ХАМАС алғашқы жеті кепіл тұтқынды Қызыл Крест ұйымына берді. Олар кейін тұтқындарды Израиль әскеріне табыстады. The Times of Israel басылымының жазуынша, босатылғандар: Омри Миран, Матан Ангрест, Эйтан Мор, Гай Гильбоа-Далал және неміс паспорты бар израильдіктер Гали Берман, Зив Берман, Алон Охель.

Кейінірек Қызыл Крест ұйымына 13 адамнан тұратын екінші топ берілді. Олар: Бар Куперштейн, Ром Бреславски, Нимрод Коэн, Эвьятар Давид, Элькана Бухбут, Сегев Кальфон, Авинатан Ор, Йосеф Хаим Охана, Максим Харкин, Эйтан Хорн, Матан Цангаукер, Давид Кунио және Ариэль Кунио.

ХАМАС сондай-ақ қаза тапқан кепіл тұтқындар ішінен 28 адамның сүйегін беруге тиіс.

Бейбіт келісім аясында Израиль билігі Газада жүрген әскерін белгіленген жерге дейін шегіндіреді, Израильде түрмеде отырған 2 мыңға тарта палестиналықты босатады. Палестиналықтар мінген алғашқы автобус Рамалла қаласына жеткені хабарланды.

Трамп Израильге бардыДүйсенбінің таңында бейбіт келісімге мұрындық болған АҚШ президенті Дональд Трамп Израильге сапарлап барды. Жоспар бойынша, ол Кнессетте сөз сөйлеп, одан кейін Египеттің Шарм-эш-Шейх курортты қаласына саммитке аттанады. Газадағы соғысты аяқтауға арналған бұл саммитке 20-дан астам лидер қатыспақ.

Израильге бағыт алған ұшақтың бортында Трамп соғыс аяқталғанын, атыс қайта басталмайды деп үміттенетінін айтты.

Трамп Кнессеттің қонақ кітапшасына: "Бұл – мен үшін үлкен құрмет. Ұлы күн, керемет күн. Жаңа бастау" деп жазды.

Осыдан соң Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен және босатылған тұтқындардың отбасымен кездесті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus