Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан Қытайдан 836 млн доллар қарыз алмақ. Бұл борыш қолайлы ма, қауіпті ме?

Қазақстан Қытайдан жиыны 6 млрд юань, яғни 425 млрд теңге (836 млн доллар) қарыз алмақ. Бұл туралы Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады. Астана бұл қарызды екі бөліп алуды көздеп отыр: 1 млрд юаньды Қытайдың Industrial and Commercial Bank of China деген мемлекеттік банкінен несие түрінде, екіншісін құнды қағаздарын сатуға қою арқылы.

1 млрд юань немесе 71 млрд теңгені үкімет "Өнеркәсіпті дамыту қорына" бермек. Бұл қор Қазақстандағы өнеркәсіптік компанияларға, яғни зауыт, фабрикаларға несие берумен айналысатын, өндіруші компанияларға мемлекет есебінен ақша таратып, қолдау көрсететін мекеме. Қалған 353 млрд теңгеден астам қарызды Қазақстан мемлекеттің құнды қағаздарын Қытай нарығына шығару арқылы жинамақ.

Премьер-министрінің баспасөз қызметі бұл мүмкіндікті әлі қарастырып жатырмыз деді. Елдің құнды қағаздарын әдетте Қытайдың мемлекеттік қаржы институттары мен банктері, инвестициялық қорлары сатып алады. Үкімет бұл ақшаны қай жерге жұмсайтынын нақтылап айтқан жоқ. Десе де, өнеркәсіпті, инфрақұрылымды, экспорт әлеуетін дамытуға және экологиялық жобаларға жұмсамақ.

Былтырғы дерек бойынша, Қазақстан Қытайға 4,7 триллион теңге немесе 9,2 миллиард доллар қарызы бар. Америкалық Carnegie Endowment for International Peace қорының жазуынша, Қазақстанның Қытайға қарызы ЖІӨ-нің 3,5 пайызына тең, сол себепті Астана Пекин алдында өзін еркіндеу сезінеді. Басылым Қазақстанның сыртқы қарызы әртараптандырылғанын жазады. Астанаға несие беруші елдер қатарында Қытайдан бөлек Нидерланд, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Ресей және Бермуд аралдары бар.

Жыл басында мемлекеттің сыртқы қарызы 164,7 млрд доллар болған. Оның ішінде мемлекеттік органдардың үлесі – 12,7 млрд доллар, банктердікі – 13,1 млрд доллар, фирмааралық берешек – 91,137 млрд доллар. Мұның ішінде мемлекет кепілдік берген сыртқы борыш 2,9 млрд доллар.

Үкімет юаньмен несие алып, сол қаржыны өнеркәсіпті дамытуға бағыттайтынын айтқанымен, сарапшы Саян Қамбаров бұл қаражаттың тиімді жұмсалатынына күмәнмен қарайды. Себебі елде мемлекеттік несие мен субсидия алатын бизнес құрылымдардың ашықтығы төмен, сондықтан қарыз алуды білетін үкімет, оның әр тиыны қайда кеткеніне есеп беріп қоғамдық бақылау күшеюге тиіс дейді сарапшы.

– Қазақстан бұл қаражатты қалай пайдаланады – басты мәселе осы. Мысалы, өнеркәсіп саласында мемлекет агроөнеркәсіптік бизнеске, әртүрлі холдингтерге көп несие және субсидия береді. Бірақ бұл процесс ашық емес, нақты қандай бизнеске субсидия берілетіні белгісіз. Қазақстандағы бизнес көбіне монополияланған, ірі жер иелері мен ықпалды адамдарға тиесілі. Бұл компаниялар нақты өнім шығарып жатыр ма, жоқ па – түсініксіз. Ал мемлекет бөлінген субсидиялардың аяғы не болғанын тексеруге тиіс.

Экономистің сөзінше, Қазақстан бюджетінде ақша бар, ресурс жеткілікті, бірақ ел бюджетінде кіріс пен шығыстың арасында теңгерім жо, шығын көбірек.

– Бұл шығындардың басым бөлігі әлеуметтік салаға кетсе де, индустрияландыру, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын дамыту сияқты мақсаттарға бағытталған бұрынғы бағдарламалар, сонымен қатар пайдалы қазбалар саласына жұмсалған субсидиялар бюджет кірісін немесе мұнайға қатысы жоқ өндіріс көлемін арттыра алмады. Бұл – мемлекеттің 10-15 жылдан бергі экономиканы индустриаландыруға жұмсаған шығындары құр босқа кеткенін көрсетеді. Өйткені нәтиже жоқ. Біз әлі де мұнай мен шикізатқа тәуелдіміз. Шығындарымыз әртараптанбаған, жаңа жұмыс орындарын ашуға немесе жоғары қосылған құны бар өндіріс құрылмады. Ал мемлекеттің сырттан алған қарыздарын ақыр соңында салық төлеушілер өтейді. Бірақ сол несиені қолданған, субсидия алған негізгі бенефициарлар, яғни мемлекеттік корпорациялар мен соны жұмсаған шенеуніктер жаңа ештеңе өндірместен, қала берді, – дейді Саян Қамбаров.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus