Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Трамп Еуроодақ тауарларына 50 пайыздық баж салығын енгізуді 9 шілдеге қалдырды

АҚШ президенті Дональд Трамп Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйенмен телефонмен сөйлескеннен кейін Еуропа одағынан елге келетін тауарларға 50 пайыздық тариф енгізуді 9 шілдеге қалдырды.

"Бүгін маған Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен қоңырау шалып, 50 пайыздық тариф бойынша маусымның 1-іне белгіленген мерзімді ұзартуды өтінді. […] Мен 2025 жылдың 9 шілдесіне дейін ұзартуға келістім", – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Трамп Еурокомиссия жетекшісімен әңгіме "өте жағымды" болғанын айтты. Ол "келіссөз көп ұзамай басталады" деп жазды.

Фон дер Ляйен президент Трамп екеуі "жақсы" әңгіме өткізгенін X әлеуметтік желісінде жазды.

"Еуропа келіссөздерді жедел әрі батыл түрде алға жылжытуға дайын. Жақсы мәмілеге қол жеткізу үшін бізге 9 шілдеге дейін уақыт қажет", – деді ол.

АҚШ 1 маусымнан бастап Еуропа одағынан келетін көптеген тауарға 50 пайыздық тарифті күшіне енгізбек болған. Бұған дейін Трамп Еуропа одағымен тариф жайлы келіссөздер тығырыққа тірелді деп мәлімдеген еді.

Биыл 2 сәуірде Трамп АҚШ-тың сауда серіктестерінің көпшілігінен баж алымы ұлғайтылатынын жариялаған. Мысалы, Еуропа одағынан АҚШ-қа баратын тауарларға 20 пайыздық баж салығы енгізілсе, Ұлыбритания тауарларына - 10%, ал кейбір елдердің тауарларына 40% және одан да көп мөлшерде баж салығы енгізілетінін мәлімдеген.10 сәуірде АҚШ президенті 75 елден келетін тауарларға салынатын жаңа баж салығын енгізуді 90 күнге кейінге қалдырғанын, ал Қытайдан баратын тауарларға баж салығын 145% мөлшерінде бекіткенін мәлімдеді. Көп ұзамай Қытай АҚШ-тан баратын тауарларға 125% мөлшерінде баж салығын енгізетінін жариялады. Еуропа одағы АҚШ тауарларына 25% баж салығын енгізуді 90 күнге кейінге қалдырған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus