Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тоқаев тағы да үш АЭС жөнінде айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қаңтар күні EXPO қалашығындағы жобалық кеңседе сөйлеген сөзінде АЭС құрылысын жеделдету керектігін тағы қайталады. Оның сөзінен Ақорда сайты үзінді келтіреді. 


– Атом электр станциясының құрылысын жеделдету керек. Мен Ana tili газетіне берген сұхбатымда екі үлкен станция салатынымызды айттым. Олардың саны тіпті үшеу болуы да мүмкін. Қазақстанды ядролық энергетикасы дамыған, жасанды интеллект қолданылатын, цифрландыру толық көлемде жүргізілген елге айналдыруымыз керек, – деді ол. 


Елде атом станциясының құрылысына қатысты қайшы пікірлер басылмай тұрған шақта президент үш АЭС жөнінде алғаш рет қаңтар басында Ana tili газетіне берген сұхбатында айтқан еді. Ол сұхбатта АЭС энергетика тапшылығын жоюға көмектесетінін тағы атап өтіп, АЭС салуға Ресейдің "Росатом" компаниясы қатысуы мүмкін, Қытаймен де келіссөз жүріп жатқанын айтқан. 


Тоқаев 2021 жылы елде атом электр станциясын салу идеясын ұсынып, былтыр қазанда АЭС салу бойынша референдум өткен. Орталық референдум комиссиясы референдумда дауыс бергендердің 71 пайызы АЭС салуды қолдады деп жариялаған. Бірақ елде бұл құрылыс қауіпті деп санайтын, АЭС құрылысына қарсы азаматтар да бар.


Ақорданың жазуынша, сәрсенбі күні Тоқаев жобалық кеңсенің қызметімен танысқан. Ресми хабарламада "жобалық кеңсе мемлекет басшысының жолдаулары мен Қазақстанның ұлттық даму жоспарындағы басым бағыттарды сапалы жүзеге асыруға арналған шешімдер әзірлеумен айналысады" деп жазылған.


Елде "Жаңа Қазақстанға" қатысты сын көбейіп, Тоқаевтың жарлықтары орындалмай жатқаны сыналып жатқан тұста Тоқаев жобалы кеңседе министрлер мен әкімдерді  "батыл шешімдер қабылдауға" үндеп, олардан "нақты нәтиже" талап еткен. 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus