Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Семейде шыршаны безендіру кезінде зардап шеккен мұғалім ауруханадан шықты

Семейде шыршаны безендіру кезінде зардап шеккен мұғалім Қуат Айтқалиев ауруханадан шықты. Бұл жөнінде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкімет брифингісі кезінде мәлімдеді.  


Оның сөзінше, мұғалім жұмысқа оралуға дайындалып жатыр. Министр білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі департаментке мұғалімнің мәртебесі туралы заңнаманың бұзылуына қатысты қосымша мониторинг жүргізуді тапсырған. 


"Нақты бір мұғалімге қатысты мәселе ғана шешілмеуі керек. Мұндай жайт қайталанбас үшін [мониторингті] жалғастырамыз" деді Бейсембаев. 


Ол сонымен бірге денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті басқарма мұғалімнің емделуін ерекше бақылауға алғанын айтты. 


21 желтоқсанда Семей қаласында жаңа жылдық шыршаны безендіру кезінде №49 мектептің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Қуат Айтқалиев биіктен құлаған. Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерді өзінің кәсіби қызметіне қатысы жоқ жұмыстарға тарту "Мұғалімнің мәртебесі туралы" заңға қайшы келетінін мәлімдеген. Ақпарат құралдарының жазуынша, Қуат Айтқалиев бас жарақатын алып, миына қан құйылған. Нейрохирургтар ісік миға шаппас үшін оның бас сүйегінің бір бөлігін алып тастаған. 


Осы оқиға белгілі болған шақта Семей қаласының әкімі ауысты. Нұрбол Нұрсағатовтың орнына Талғат Мұратов келді. Әкімдіктің баспасөз қызметі әкімнің ауысуы оқиғаға қатысы жоқ деп айтқан. 


Мұндай жайттар Семейде бұрын да болған. 2021 жылы күзде Семейде мұғалімдерді көше сыпыруға жіберген шенеуніктер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сол кездегі Семей әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков және білім басқармасының жетекшісі Наталия Фесенко әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 




 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus