Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Trump қонақүйінде жарылыс жасаған күдікті ChatGPT-ден көмек сұраған

Американың Лас-Вегас қаласында Trump International қонақүйінде Cybertruck көлігіндегі жарылысты ұйымдастырушы шабуылға дайындалу кезінде генеративті жасанды интеллект ChatGPT-дің көмегін пайдаланбақ болған. Бұл жөнінде Лас-Вегас аймақтық шерифіне сүйенген KNSV арнасы жазды. 


Жарылыс 1 қаңтарда болған. Электр пикапы қонақүйдің әйнек есігінің маңына тоқтаған. Көліктен түтін шығып, ізінше жарылыс болған. Көлік жүргізушісі қаза болды. Жеті адам жеңіл жарақат алған. Көліктің ішінен пиротехника және жарылғыш заттар табылған. 


Күдікті 37 жастағы "Жасыл берет" (АҚШ қарулы күштерінің арнайы жасағының бейресми атауы) сержанты Мэттью Ливельсбергер – жарылыс алдында өзін-өзі атқан деп хабарлады жергілікті коронер. Көлік жалға алынған. Әскери қызметкер демалыста болған, оның бөлімі Германияда шоғырланған. Оның телефондарының бірінен алты беттік манифест табылған, бірақ мәтіні жарияланбады. 


Ливельсбергер жарылысты ұйымдастыру үшін ChatGPT-ден ақпарат іздеген. Ол көрші Колорадо штатынан заң бойынша қанша жарылғыш зат сатып алуға болатынын және тапанша арқылы жарылғышты іске қосуға бола ма деген сұрақтарға жауап іздеген. Штаттың орталығы Денверде ірі қару-жарақ дүкені бар. 


Шериф кеңсесінің хабарлауынша, бұл нейрожелінің көмегімен әзірленген АҚШ-тағы алғашқы белгілі оқиға. Ақпаратқа қарағанда, Ливельсбергер оны іздеу торабы сияқты пайдаланған және ондай ақпараттарды өзге де әдістер арқылы таба алған болар еді дейді мамандар. 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus