Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Өскемен экологиясының нашарлауына байланысты "Қазцинк" кәсіпорны тексеріледі

Қазақстан бас прокуратурасы Өскемен экологиясының нашарлауына байланысты "Қазцинк" металлургиялық кешенінде тексеріс жүргізуді мақұлдады. Бұл жөнінде премьер-министрдің депутаттарға жолдаған жауабына сүйенген жергілікті БАҚ жазды. 


Қазақстан сенатының депутаттары премьерге Өскеменнің экологиялық ахуалын бақылайтын үкімет комиссиясы жөнінде сауал жіберген. Қараша мен желтоқсанда Өскеменде ауадағы зиянды заттар мөлшері рұқсат етілген нормадан асып кеткені хабарланған еді. 




"Бас прокуратура "Қазцинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Өскемен металлургиялық кешенінің қызметіне экологиялық реттеу және бақылау комитетінің мамандарын тарта отырып, экологиялық заңнаманың сақталуына тексеру жүргізуге келісті" деді премьер-министр Олжас Бектенов жауапта. 


Оның сөзінше, Шығыс Қазақстан облысы және Өскемен қаласының 2024-2026 жылға арналған "жол картасы" аясында табиғатты қорғау шаралары қарастырылған. Мұндай шараларға Өскемен металлургиялық кешенінде күкірт диоксиді газын тазарту қондырғыларын жаңарту арқылы күкірт диоксиді шығындыларын 2,2 мың тоннаға азайту; Риддер металлургиялық кешенінде "Гидрополимет" цехын салып, күкірт диоксиді қалдықтарын 714 тоннаға азайту сияқты шаралар кіреді. 


Биліктің пікірінше, мұндай шаралар Шығыс Қазақстан облысында ауаға таралатын зиянды қалдықтар көлемін 10-20 пайызға азайтуға көмектеседі. 


Өскемен халқы ауа сапасы нашар деп үнемі шағынады. Белсенділер кейінгі жылдары қала әкімдігіне экология мәселесі бойынша митинг өткізетінін айтып бірнеше рет жазбаша ескерту жолдаған. Бірақ жергілікті билік көбіне келісім бермей келген. 


Қараша айында Өскеменді қалың тұман басып, соның салдарынан бірқатар ауылдарда оқушылар қашықтан оқуға көшірілген. Ал әуе рейстері жарты күнге кешікті. Сол кездегі Өскеменнің экологиялық ахуалы әбден нашарлағаны айтылды. Әлеуметтік желі қолданушылары шұңқырда орналасқан қала түтінге бөгіп, іргедегі таудың төбесінен көрінбей қалғанын дәлелдейтін видеолар жариялады.


"Қазцинк" ЖШС - мырыш, қорғаныс, мыс және құнды металл өндіретін қазақсандық ірі металлургиялық компания. 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus