Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Лос-Анджелес маңында орман өртеніп жатыр, 30 мыңнан астам адам эвакуацияланған

Лос-Анджелес маңында орман өрті маңайдағы үйлерге де жайылып, тұрғын үйлер өртенді, 30 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. 


7 қаңтар кешке қарай үш жерде: Лос-Анджелестің батысы, солтүстік-батысы мен солтүстік шығысында өрт болып жатқаны белгілі болды. Құрғақ желді ауа райына байланысты өрт айналаға жылдам жайылған. Округте төтенше жағдай режимі жарияланған. Бірнеше адам зардап шеккен: кейбірінің беті мен қолы күйген, өрт қызметінің өкілі бас жарақатын алған. 




Голливуд жұлдыздары мен америкалық саясаткерлер тұратын Пасифик-Палисейдс ауданының жағалауын да өрт шалған. Кейінгі мәлімет бойынша, өрт 1182 гектар аумаққа таралған. Билік қанша үйдің өртенгенін хабарламады, бірақ 13 мыңнан астам ғимаратқа қауіп төнгенін айтты деп жазды Associated Press.


Reuters-тің жазуынша, көлік кептелісі салдарынан жағалаумен жалғайтын бір тас жол бітеліп қалған, сол себепті тұрғындар көліктерін тастап, өрттен қашқан. Жедел қызмет көліктеріне жол ашу үшін бульдозерлер пайдаланылған. 




Қалған аумақтарда да эвакуация жүргізілген. Лос-Анджелес билігі сәрсенбі күні таңертең жағдай күрделенуі мүмкін деп қауіптенеді. Лос-Анджелесте жүрген АҚШ президенті Джо Байден өртті қонақүйдің терезесінен көріп тұрғанын, өртті сөндіруге және оның салдарынан жоюға грант бөлінгенін айтты. 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus