Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Reuters: ХАМАС тұтқындағы Израильдің 34 азаматын босатуға дайын

АҚШ пен Еуроодақта террорист деп танылған палестиналық ХАМАС тобы Израильмен арадағы атысты тоқтату туралы келісім бойынша босатылады деген адамдардың тізімін жасады. Онда ХАМАС кепілде ұстап отырған 34 адам бар. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.


ХАМАС өкілі келісім жүзеге асуы үшін Израиль әскері Газа секторынан кетуі керек деген. Палестиналық топ соғысты уақытша емес, толық тоқтатқысы келеді.


25 желтоқсанда ХАМАС тобы Израильді Газадан әскерін шығаруға, атысты тоқтатуға және кепілдегі адамдарды айырбастауға байланысты жаңа талаптар шығарды деп айыптады. Бұған жауап ретінде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесі ХАМАС әрекеті келісімге келуге кедергі келтіріп жатыр, палестиналық топ бұған дейін келіскен талаптарға бағынбай отыр деп мәлімдеді.


Израильдегі Ynet басылымының хабарлауынша, тараптар келісімнің негізгі шарттарын келісіп қойған, бірақ ХАМАС-тың бірінші кезеңде қанша адамды босататыны даулы мәселе боп тұр.


ХАМАС тобы 2023 жылғы 7 қазанда Израильдің оңтүстігіне шабуыл жасап, 250-ден аса адамды кепілге алған еді. Олардың бір бөлігі бұған дейін өткен келіссөздер бойынша босатылған. Израильдің мәліметінше, Газада 101 азамат кепілде қалған, оның 51-і тірі қалған. Кейінгі айларда тұтқындағы адамдарды босату бойынша өткен келіссөздерден ешқандай прогресс болған жоқ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus