Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Израиль Газада босқындар лагеріне шабуылдап, 11 адам қаза тапқаны айтылды

Израиль Газа секторының оңтүстігіндегі Әл-Масауи жағалауындағы босқындар лагеріне әуеден шабуыл жасап, кемі 11 адам қаза тапты. Қаза болғандардың арасында Газа секторының ХАМАС ұйымы ( АҚШ, ЕО және Израиль террорлық ұйым деп таныған) тағайындаған полиция басшысы, үш бала және екі әйел бар. Бұл туралы сектордағы ХАМАС басқаратын денсаулық министрлігіне сілтеп, ВВС сайты хабарлады.


Газа секторын бақылап отырған ХАМАС жасақтаған ішкі істер министрлігі полиция басшысы Махмуд Салах пен оның көмекшісі Хусам Шахванның өлімін "қастандық" деп атады.


Израиль әскері шабуылда ХАМАС-тың полиция басшыларын "нысанаға алғанын" айтады. 


Израиль Әл-Масауи жағалауын "гуманитарлық аймақ" деп белгілеп, соғыстан қашқан палестиналықтар тұратын жер деп анықтаған. Бірақ Израиль бұл жерде ХАМАС әскерилер тығылып жатыр деп бірнеше рет шабуылдаған. Қыс түсіп, күннің суытқаны бұл лагерьдегі жағдайды қиындатып жіберді дейді ВВС сайты.


2023 жылы 7 қазанда ХАМАС содырлары Израильге күтпеген жерден шабуыл жасап, адамдарды өлтіріп, 253 адамды тұтқынға алып кеткен. Осыдан соң Израиль ХАМАС-қа қарсы соғыс ашып, қақтығыс әлі жалғасып жатыр. Газадағы денсаулық сақтау министрлігі секторда 40 мыңнан аса бейбіт тұрғын қаза тапқанын, мыңдаған адам босып кеткенін айтады.




 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus