Добавить новость

РИА: у экс-губернатора Белозерцева начали конфисковывать имущество

В Богородске загорелась квартира из-за непотушенной сигареты

«Ждете?»: SHAMAN подогрел слухи о романе с Екатериной Мизулиной

Московский зоопарк сообщил о появлении еще двух малайских медвежат



World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Құқық қорғаушылар: "Нөкіс оқиғасы" жөніндегі комиссия есебінде кемшілік көп

Қарақалпақстан оқиғасын зерттеу жөніндегі комиссияның арнайы есебі таныстырылғаннан кейін құқық қорғаушылар кейбір маңызды сұрақтар сол күйі жауапсыз қалды деп мәлімдеп отыр. Қарақалпақстан бойынша халықаралық құқық қорғаушылардың жұмыс тобының мәлімдемесі 27 желтоқсанда Түркімен Хельскинки қорының сайтында жарияланды.


26 желтоқсанда 2022 жылы 1-2 шілде күндері Қарақалпақстанда болған оқиғаларды зерттеу жөніндегі арнайы комиссия өзбек парламентінде есебін жариялаған.


Есепке сәйкес, Қарақалпақстандағы жаппай наразылық кезінде 21 адам қаза болған, екеуі – құқық қорғау орган өкілі.


Құқық қорғаушылар өз комментарийінде ресми мәлімет пен осы іс бойынша сот үкімдерінде адам өлімі санына қатысты қарама-қайшылықтар бар екенін, билік әлі күнге дейін қаза болған 21 адамның тізімін жарияламай отырғанын және айырмашылықтың мәнін түсіндірмей отырғанын жазған.


Құқық қорғаушылардың сөзінше, 2022 жылы шілдеде ресми тұлғалар бастапқыда 4 полицейдің қаза болғанын айтқан, кейін бұл жөнінде мәлімет жоғалып кеткен. Олар қазіргі есепте екі полицейдің қаза болғаны көрсетілгеніне назар аударады.




"Шын мәнінде сот үкімдері мен сот процестері кезінде бірде-бір құқық қорғау орган өкілінің қаза болғаны жөнінде айтылған жоқ. Алайда қаза болғандар арасында демонстранттар қатарына өтіп кеткен күштік құрылым қызметкерлері болған. Олардың аты-жөндері ресми құжаттарда "полиция қызметкері" емес, "тәртіпсіздікке қатысушы" ретінде көрсетілген. Осыған қарап қосымша ақпаратсыз екі полицейдің қаза болғаны жөнінде мәлімдеу толқуға қатысушыларға шамадан көп күш қолдануды ақтау үшін жасалып отырған тәрізді сезім қалдырады" деп жазылған құқық қорғаушылардың мәлімдемесінде.


Құқық қорғаушылар мәлімдемеде сонымен бірге ресми есепке кірмеген оқиға құрбандары жөнінде де айтады. Олардың сөзінше, 2024 жылы қазанда Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің өкілі Варшавада құқық қорғаушыларға материал берген. Оған сәйкес, 2023 жылы жарияланған қаза болғандардың ресми емес тізіміндегі үш адамның қазасы расталып, 19 тірі екені анықталған, 12 адам әлі анықталмаған (олардың аты-жөні дұрыс жазылмағандықтан анықталмауы мүмкін).


"Бұл тізім бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Осы тізімге енген кейбір адамдар куәгерлердің көзінше ауыр оқ жарақатын алған, дегенмен тірі қалған. Десе де, комиссия оқиға кезінде із-түзсіз жоғалғандарға қатысты сұрақтар мен жаппай көму туралы хабарламадарды тексеру жөнінде өтініштерге құлақ асқан жоқ. Бұл мәселемен айналысқан қазақстандық құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов Өзбекстанға кіргізілмеді" деп жазылған құқық қорғаушылардың мәлімдемесінде.


Арнайы комиссияның есебінше, оқиға кезінде 413 адам жарақаттанған, 183-і құқық қорғау орган өкілі. Құқық қорғаушылар бұл тұста да қылмыстық істер мен комиссия есебіндегі мәліметтерде айырмашылық барын атап өткен.


"Комиссияның цифры жоғарылау, атап айтқанда онда биліктің бастапқы кездегі зардап шеккен азаматтардың санын азайтып көрсету талпынысы түзетілген (бұл 2023 жылғы материалдарда да айтылды). Зардап шеккендердің көбі қудалаудан қорқып, дәрігерлерге көрінуден тартынған, кейбірі Қазақстанға қашқан. Бірақ қазір нақтырақ цифрды алу неғайбыл" деп жазылған құқық қорғаушылардың мәлімдемесінде.


Комиссияның ресми есебіне сәйкес, 2022 жылы шілдеде Қарақалпақстандағы жаппай наразылықтан кейін 943 адам құқық бұзғаны үшін ескерту алған, 6135 адамға әкімшілік айыппұл салынған. 2639 адамға әкімшілік қамау жазасы тағайындалған.


Құқық қорғаушылар мәлімдемеде қамалғандардың азапталғанын немесе камераластарының азапталғанын, алайда Өзбекстан билігі азаптауды жоққа шығарып отырғанын жазады.


Олардың сөзінше, комиссия өкілдері есепте демонстранттарға қарсы "адамды өлтірмейтін құрал ғана пайдаланылды" деп жазған. Осылайша оқтан қаза болғандар мен жарақаттандарғар мәселесін айналып өткен. Ал сот үкімдерінде оқтан қаза болғандардың өлімінің себебі айтылмаған.


Арнайы комиссия өкілдерінің есебіне қарағанда, "демонстранттарды тарату кезінде адам құқығын бұзғаны үшін 3 полиция қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылған". Құқық қорғаушылар бұл тұста адам құқығы бойынша халықаралық жиындарда талай айтылғаннан кейін Өзбекстан Жоғарғы соты екі полицейдің сотталғанын мәлімдегенін еске салады. Алайда мұнда да Жоғарғы сот пен комиссия есебінде айырмашылық барын атап өтеді.


"Жоғарыда көрсетілген бағалаулар мен комментарийлер 2022 жылғы Қарақалпақстан оқиғасын зерттеу жөніндегі комиссия есебі туралы шағын ақпаратпен байланысты. Біздің тезистеріміз, сұрақтарымыз бен бағалауларымыз есеппен толық танысқаннан кейін толықтырылып, түзетілуі мүмкін. Дегенмен жарияланған ақпарат 2022 жылғы оқиғамен байланысты кейбір маңызды сұрақтар сол күйі ресми Ташкент тарапынан жауапсыз қалып отырғанын көрсетеді деп тұжырымдауға мүмкіндік береді" деп жазылған құқық қорғаушылардың мәлімдемесінде.


2022 жылы Өзбекстан билігі референдумға шығаруға ұсынған Конституцияның жаңа жобасында Қарақалпақстанның егемендігі мен Өзбекстаннан бөлініп шығу құқығы туралы баптардың болмауы Қарақалпақстанда елдің наразылығын туғызды. Мұның соңы қақтығысқа ұласып, ресми дерек бойынша 21 адам өліп, 200-ден астам адам жараланған. Көтеріліс Қарақалпақ астанасы - Нөкісте басталғандықтан, ол "Нөкіс оқиғасы" аталып кетті. Наразылықтан кейін Ташкент халық пікірін ескеретінін айтып, даулы өзгерістерден бас тартқан. Бірақ құқық қорғаушылар қарсылық білдірген қарақалпақ белсенділерін жазалап, қудалауды күшейткенін айтқан.


2022 жылғы желтоқсанда Өзбекстан бас прокуратурасы Нөкіс оқиғасы бойынша 171 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген. Бұхарада 22 адамның ісі бойынша сот процесі өтті. "Ел қызметінде" ("Эл хызметинде") газетінің адвокаты әрі журналист Дәулетмұрат Тәжімұратов "Өзбекстанның конституциялық құрылымын бұзуға тырысты", "билікті басып алу мақсатында сөз байласты", "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деп айыпталып, 16 жылға сотталды.


Сот үкімімен 15 адам 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бостандығынан айырылды. Қалғандары әртүрлі мерзімге шартты жаза алды. "39-дың сотында" 28 адам 5 жылдан 11 жылға дейінгі мерзімге бостандығынан айрылды, 11 адамның бостандығы 5 жылға шектелді. Апелляциялық соттан кейін 16 адамның жаза мерзімі азайтылған. 7 адамның үкімі өзгеріссіз қалған.


Нөкіс оқиғасы кезінде заң бұзып, адамдарды азаптады деп айыпталған ішкі істер министрлігінің үш қызметкері 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге сотталды.

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

Продаст все? Юрист Кваша раскрыл, как взыщут долги короля фармы Шпигеля

МЧС: огнеборцы ликвидировали пожар в Кировской области, погибли 8 человек

От Якутска до СПб. Как и где Путин встречал Рождество в разные годы

В Подмосковье прошел первый в новом году День донора

Музыкальные новости

СКА обыграл ЦСКА со счетом 6:3 в матче КХЛ

В Подмосковье прошел первый в новом году День донора

Выставку работ Владислава Парфенова «Вторая жизнь» представят псковичам 4 января

Гол и два ассиста Гусева помогли московскому «Динамо» обыграть «Сочи» в КХЛ

Новости России

В можайском парке «Ривьера» прошел детский праздник

От Якутска до СПб. Как и где Путин встречал Рождество в разные годы

В сгоревших бытовках в Новой Москве нашли тело человека

Подросток из Бурятии, который отдал деньги на СВО, поехал на Кремлевскую елку

Экология в России и мире

Сеть клиник «Будь Здоров» стала лауреатом III Национальной премии в области развития корпоративного спорта

Что такое сепсис, как его диагностируют и лечат

Подкаст "Женское дело. Лаборатория успеха". В гостях Ксения Подхватиловская

Что такое чак-чак и как приготовить его в домашних условиях

Спорт в России и мире

Брисбен (ATP). 1/4 финала. Джокович сыграет с Опелкой. Димитров – с Томпсоном

Казанская теннисистка Полина Кудерметова уступила Арине Соболенко в финале WTA в Брисбене

Кудерметова проиграла Соболенко в финале турнира WTA в Брисбене

Астана? Бублик назвал город, в котором будет жить после завершения карьеры

Moscow.media

Из России в Дубай можно будет долететь напрямую

Российские студенты массово жалуются на повышение тарифов на транспорт

Псковская область вошла в число «регионов-отличников» пожароопасного сезона-2024

В России подорожали кроссоверы Haval H3, Dargo и Jolion.











Топ новостей на этот час

Rss.plus






Стало известно о начале конфискации имущества экс-министра Абызова

Три недели в очереди ради часа в сети. Как в Барнауле впервые появился интернет

NI: модернизация Ту-160 говорит о том, что США серьезно недооценили Россию

Во дворах Южноуральска проводят праздники для детей