Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Bloomberg: аятолла Хаменеидің кеңесшісінің ұлы Ресейге Иран қаруын жеткізумен айналысады

Иран қаруының төрттен бір бөлігін Ресейге жеткізумен аятолла Хаменеидің кеңесшісінің ұлы, магнат Хоссейн Шамхани айналысады. Бұл жөнінде келісімшарттың барысымен таныс дереккөз және АҚШ, Ұлыбритания, ЕО билігінің өкілдері де хабарлады деп жазды Bloomberg.


Олардың мәліметінше, қару-жарақ, дрон бөлшектері мен қос мақсаттағы тауарларды Ресейге тасумен Шамханиге қатысы бар фирма былтырдан бері айналысып келеді. Олар осы мақсатта дубайлық Crios Shipping LLC компаниясының кемесін пайдаланған. Ақпаратқа қарағанда, кеме 2023 жылдың ортасынан бері Каспий теңізінде Иран мен Ресей арасында қатынайды. 


Bloomberg-тің жазуынша, 2024 жылы осы компанияның екі кемесі кемінде бес рет Ираннан Астраханға жүк тасыған.  


Есесіне Мәскеу Тегеранға мұнай береді.   


Иран дронын тасымалдауға Шамханидің қатысы барын осыған дейін АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі  Джон Болтон да мәлімдеген. 


Шамхани – Иранның бұрынғы қорғаныс министрі, аятолла Әли Хаменеидің кеңесшісі Әли Шамханидің ұлы. Bloomberg-тің жазуынша, оған Иран және Ресейдің мұнайы экспортымен айналысатын компаниялар желісі тиесілі. 2022 жылы еншілес компаниялар желісінің түсімі шамамен 15 млрд доллар болған. 


Оның бизнес-империясына Лондон, Женева, Сингапурда кеңселері бар хедж-қорлар, мұнай танкерлері, кемелер кіреді. 


Шамханидің өзі ресми түрде мұнай саудасына қатысы жоқ логистика бизнесін жүргізіп, санкцияға ілінбеген елдермен ғана жұмыс істейді. 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus