Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Байден 37 адамның өлім жазасын жеңілдетті, Джохар Царнаевтың жазасы күшінде қалды

АҚШ президенті Джо Байден федералды соттар өлім жазасын кескен 40 адамның 37-сінің жазасын жеңілдетті. Бұл туралы CBS арнасы мен басқа да америкалық ақпарат құралдары хабарлады.


Бұл 37 адам өмірінің соңына дейін түрмеде отырады және олар мерзімінен бұрын босап шыға алмайды.


"Жек көргендіктен жаппай қырып-жойды" деген айыппен өлім жазасына кесілген үш адамның жазасы күшінде қалды. Олар – 2013 жылғы Бостон марафоны кезінде теракт жасады деп сотталған Джохар Царнаев, Питтсбургтегі синагогада атыс ұйымдастырған Роберт Бауэрс және Чарльстон қаласындағы Эмануэль Африка методистерінің епископ шіркеуінде тоғыз адамды өлтіргені үшін айыпты деп сотталған Дилан Руф.


АҚШ-тың қайта сайланған президенті Дональд Трамп қызметіне кіріспес бұрын, президент өкілеті аяқталуына бір айдан аз уақыт қалған Джо Байден федералды соттар шешімін жаппай қайта қарап, өлім жазасын өмір бойғы түрме жазасына ауыстырды.


Байден "федералды деңгейде шыққан өлім жазасынан бас тарту керек екеніне уақыт өткен сайын сенімді бола бастағанын" айтқан. Алайда АҚШ-тағы өлім жазасының басым бөлігі штат деңгейінде шығады. Қазір әртүрлі штатта сот өлім жазасына кескен адам саны екі мыңнан асады.


Байден билікке келгеннен кейін 2021 жылы федералды соттар шығарған өлім жазасын орындауға мораторий енгізілді. Трамп бірінші рет президент болған тұста федералды соттар өлім жазасын кескеннен кейін абақтыда отырған 13 адамға сот үкімі орындалған. Трамп президенттігінің екінші мерзімінде билік өлім жазасы туралы үкімді орындауды жалғастыратын болады деп мәлімдеген.


Желтоқсанда Байден сот түрме жазасын кескен 1500-ге жуық адамның жазасын жеңілдетіп, 39 америкалыққа кешірім берді. Олардың арасында өз ұлы Хантер де бар, заңсыз қару ұстау және салықтан жалтару ісі бойынша үкім күтіп отырған кіші Байден рақымшылыққа ілінді.




2013 жылғы 15 сәуірде Бостон марафоны кезінде болған жарылыстан үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жараланған. Сот бұл шабуылды ағайынды Тамерлан мен Джохар Царнаевтар жасады деп тапты. Тамерлан Царнаев полициямен атыс кезінде қаза тапқан.


Сот Джохар Царнаевқа 2015 жылы өлім жазасын кесті, кейін соттар оның бірнеше шағымын қабылдамады. Ол қазір Колорадо штатындағы ең қатаң режимдегі түрмеде отыр, ол мекемені "таулы Алькатрас" деп те атайды.




Бостандағы теракт ісі бойынша 2015 жылы Қазақстанның екі азаматы жауапқа тартылған. Царнаевпен Дартмут университетінде бірге оқыған Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқов "Царнаевтың жарылысқа қатысы бар екенін дәлелдейтін айғақтарды жоюға тырысты" деп айыпталып, сотталған.


Диас Қадырбаевқа сот алты жылға түрме жазасын кескен еді. Айыптау қорытындысы бойынша, Қадырбаев теракт бола салысымен ФБР таратқан суреттердің ішінен жарылысты ұйымдастырды деген күдікке ілінген Царнаевты танып қалып, оның жатақхана бөлмесінен жеке заттарын алып шыққан.


Үкім шығар кезде Қадырбаев "өз ісіне өкінетінін" айтқан. Диас Қадырбаев 2018 жылы түрмеден мерзімінен бұрын босатылып, Қазақстанға депортацияланды.


Дәл осындай айыппен үш жарым жылға сотталған екінші қазақстандық студент Азамат Тәжаяқов 2016 жылы түрме жазасын өтеп шығып, Қазақстанға оралған. Оған да тергеу ісіне кедергі келтірді деген айып тағылған еді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus