Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Атырауда базардағы жанжалда адам өлтіріп алған тұрғын 8 жылға сотталды

19 желтоқсанда Атыраудағы сот биыл маусымда "Дина" базарындағы жанжалдан соң қаза болған Амандық Сағынғалиевтің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Айыпты Мұхтар Ахмедов 8 жылға сотталды.


Тергеу мәліметінше, 5 маусымда 56 жастағы Сағынғалиев базарға сауда жасауға келіп, "Газель" жүк көлігін қойып жатқанда жанында тұрған Mercedes-Benz көлігінің есігін сырып кеткен. Ашуға мінген көлік иесі Сағынғалиевті аяусыз соққыға жығып, оны ауыр жаралайды. Қызылқоға ауданы Қарабау ауылының тұрғыны облыстық аурухананың жансақтау бөліміне түсіп, 10 маусымда есін жимастан көз жұмған.


Марқұмның өліміне кінәлі деп айыпталған 39 жастағы Ахмедов 6 маусымда қамауға алынды. Оның марқұмға қол жұмсап, басынан бірнеше рет ұрғаны камераға түсіп қалған. Бұл бейнежазба маусымда желілерде де тарап, қоғамда резонанс туғызған еді.


Ахмедовке "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру арқылы абайсызда адам өлтіріп алу" бабы бойынша айып тағылған. Ахмедов сотта айыпқа ішінара келісетінін айтты. Ол – "Ризық" шаруа қожалығының директоры, бес баланың әкесі.




Сотталушы өзінің кінәсін мойындап, адам өлтіру ниетінің болмағанын айтып, жазаны жеңілдетуді сұрады. Сот Ахмедовтің кінәсін толық дәлелденді деп таныды. Прокурор да оған 8 жыл жаза беруді сұраған еді.


Үкім әлі күшіне енген жоқ, тараптардың апелляция шағымын түсіруге хақысы бар.


Облыстық соттың баспасөз қызметі өз хабарламасында жаза тағайындау кезінде сотталушының кәмелет жасына толмаған бес баласының бар екені жеңілдететін жағдай ретінде ескерілгенін, ал ауырлататын мән-жайлар анықталмағанын жазды. 


"Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру арқылы абайсызда адам өлтіріп алу" бабында 8 жылдан 12 жылға дейін соттау жазасы қарастырылған. 

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus