Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Әділбек Қасымалиев – Қырғызстан үкіметінің жаңа жетекшісі

Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы әрі президент әкімшілігінің басшысы болып Әділбек Қасымалиев тағайындалды. Жарлыққа ел президенті Садыр Жапаров қол қойды.


Жапаров министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары етіп Данияр Амангелдиевті, экономика және сауда министрі лауазымына Бақыт Сыдықовты тағайындады.


18 желтоқсанда төраға бастаған министрлер кабинетінің мүшелері Жогорку Кеңеште (парламент) ант берді. Президент Садыр Жапаров министрлер кабинетінің бұрынғы төрағасы Ақылбек Жапаров салық жүйесіндегі заңсыздыққа байланысты қызметінен кеткенін айтып, мәселені саясиландырмауға шақырды.


Ақылбек Жапаров қызметінен кеткенге дейін Әділбек Қасымалиев министрлер кабинеті басшысының бірінші орынбасары болған.


64 жастағы Әділбек Қасымалиев 2015-2018 жылдары Қырғызстанның қаржы министрі болып істеді. Ол ішкі кірістер қызметін басқарған, экономика министрінің орынбасары да болған.


Қырғызстан үкіметінің жетекшісі Ақылбек Жапаров 16 желтоқсанда, мемлекеттік салық қызметінен шыққан дау тұсында қызметінен кетті. Бұдан бұрын Бішкекте салық қызметінде түрлі басшылық лауазымда істейтін алты адам ұсталған. Оларға акциз маркалары аясында заң бұзып, мемлекетке 37 миллион доллардай залал келтірген деген айып тағылған.


Бұған дейін ел парламентінде осы іске байланысты "үкімет басшысы Жапаров оставкаға кетсін" деген үндеулер айтылған. Премьер-министрді отставкаға жіберу туралы жарлыққа президент Садыр Жапаров қол қойған.


Ақылбек Жапаров бұл қызметті 2021 жылдың қазанынан бері атқарып келді және Қырғызстанның жаңа тарихында премьер-министр қызметінде ең ұзақ отырған саясаткер атанды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus